Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
2255 0 пікір 28 Наурыз, 2022 сағат 14:27

Мамырда Алматы-Ташкент пойызы қатынайтын болды

2 мамырдан бастап "Алматы-2 – Ташкент – Алматы-2" бағытында "Тұлпар-Тальго" жүрдек пойызы қатынайды, деп хабарлады "Узбекистон темир йуллари" компаниясының баспасөз қызметі.

"Қазақстан темір жолы" компаниясының №½ рейстері аптасына үш рет орындалады. Пойыз "Алматы-2" вокзалынан Өзбекстанға дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері, ал "Орталық Ташкент" вокзалынан Қазақстанға сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері жолға шығады.

Бұның алдында "Нүкіс - Бейнеу - Нүкіс" бағытындағы жолаушы пойызы сәуірден баста қатынай бастайтыны хабарланған.

"Узбекистон темир йуллари" уақыт өте келе жақын шетелге басқа да рейстер жүре бастайтынын атап өтті. Еске салайық, Өзбекстан шетелмен темір жол қатынасын 2020 жылғы наурызда коронавирус індетіне байланысты тоқтатқан.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Азамат

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 499
Болған оқиға

Тілендиев неге Таразидың құлағын қыршып алды?

Төреғали Тәшенов 2240
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 1908
Алтын Орда

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 1047