Сейсенбі, 1 Сәуір 2025
46 - сөз 3037 5 пікір 28 Наурыз, 2022 сағат 14:58

Думада айтылған "денацификацияның" бізге әсері

Қазақстан үшін бәрі сәтті аяқталды һәм "денацификацияның" мемлекеттік рискке деген әсері жайында айтсақ.

MONTE URQUIOLA танкері бүкіл қазақтың үмітін арқалап отыр. Дәл қазір португал танкері Каспий құбыр консорциумының Новороссийск портынан қазақ мұнайын тией бастады және бір демін тартқан мемлекет үшін бұл үлкен қуаныш.

Бірақ Ресейдегі Думада отырған түрлі депутаттардің "денацификация" науқанына бізді де қоса бастауы елдің инвестициялық картинасына ұзақ мерзімде жағымсыз әсерін беретін болады. Рейтинг агенттіктері елдің суверенді рейтингін бағалағанда "страновой рискті" де (болашақта ол елде соғыс өрті тұтану қаупі) назарда ұстап отырады. Осы жағынан алғанда, бізге қатысты ондай әңгіменің мүлде болмағаны абзал.

Новороссийсктен келген жаңалыққа қарағанда бюджет, бірақ ең бастысы Ұлттық қордың өз әлеуетін сақтап қалатынына жақсы сеніммен қараймыз. Жалпы, біздің елдің экономикалық саясатты барынша сауатты жүргізіп жатқанына, қазір АСПиР механизмдері арқылы стратегиялық жоспарлаудың дұрыс ізге түскенін айта кету керек. Сонымен бірге, Ұлттық Банк ақша-несие саясатын өте сұңғыла іске асыра білді, әрі соның арқасында теңге бағамын жайлы коридорға қайтара алды.

Айбар Олжаев

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Азамат

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 214
Болған оқиға

Тілендиев неге Таразидың құлағын қыршып алды?

Төреғали Тәшенов 264
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 251
Алтын Орда

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 177