Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2106 0 пікір 16 Қазан, 2012 сағат 08:34

Қанат Саудабаевтың АҚШ-қа сапары

ҚР Президенті жанындағы Жаппай қырып-жою қаруын таратпау комиссиясының төрағасы, «Назарбаев орталығы» көп функциялы ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттік мекемесінің директоры Қанат Саудабаев өткен аптада бір кездері өзі төтенше және өкілетті елші рангісінде Қазақстан Республикасының мүддесін қорғаған Америка Құрама Штаттарында іссапармен болып қайтты.

«Қазақстан мен АҚШ қарым-қатынастың 20 жылында ынтымақтастықтың ауқымды жолынан өтті және болашаққа ұмтылған кең ауқымды әрі шынайы стратегиялық әріптестікке қол жеткізді. Қазақстан осы әріптестіктің екі елдің игілігі жолында алда да жалғасатынына сенімді», - деді Қ.Саудабаев.

Ядролық қаруды таратпау саласындағы Қазақстан мен АҚШ ынтымақтастығының келешегі, Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық дамуының мәселесі, Орталық Азиядағы аймақтық қауiпсiздiк пен ықпалдастық, Ауғанстандағы ахуал мен Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі мәселелер. АҚШ астанасындағы Қанат Саудабаевтың кездесулеріндегі басты тақырыбы осындай болды.

ҚР Президенті жанындағы Жаппай қырып-жою қаруын таратпау комиссиясының төрағасы, «Назарбаев орталығы» көп функциялы ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттік мекемесінің директоры Қанат Саудабаев өткен аптада бір кездері өзі төтенше және өкілетті елші рангісінде Қазақстан Республикасының мүддесін қорғаған Америка Құрама Штаттарында іссапармен болып қайтты.

«Қазақстан мен АҚШ қарым-қатынастың 20 жылында ынтымақтастықтың ауқымды жолынан өтті және болашаққа ұмтылған кең ауқымды әрі шынайы стратегиялық әріптестікке қол жеткізді. Қазақстан осы әріптестіктің екі елдің игілігі жолында алда да жалғасатынына сенімді», - деді Қ.Саудабаев.

Ядролық қаруды таратпау саласындағы Қазақстан мен АҚШ ынтымақтастығының келешегі, Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық дамуының мәселесі, Орталық Азиядағы аймақтық қауiпсiздiк пен ықпалдастық, Ауғанстандағы ахуал мен Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі мәселелер. АҚШ астанасындағы Қанат Саудабаевтың кездесулеріндегі басты тақырыбы осындай болды.

АҚШ Әкімшілігі жоғары лауазымды шенеуіктері деңгейіндегі, сондай-ақ сарапшылармен өткізілген бұл кездесулер әлеуметтік-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және демократиялық даму, қарусыздану мен таратпау, бейбітшілікті нығайту мен аймақтық қауіпсіздік мәселелеріндегі екіжақты ынтымақтастықтың кешенін толық дамытуда өз үлесін қосты.

ҚР Президенті жанындағы Жаппай қырып-жою қаруын таратпау комиссиясының төрағасы, «Назарбаев орталығы» көп функциялы ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттік мекемесінің директоры Қанат Саудабаевтың Вашингтон қаласындағы үстіміздегі жылдың қазан айындағы іссапары барысында «Джеймстаун қоры» және «Назарбаев орталығы» ММ арасындағы ынтымақтастық пен серіктестігі туралы Меморандумға қол қойылды.

«Назарбаев орталығы» - 2012 жылдың қаңтарында құрылған көп функциялы ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттік мекемесі.

Негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасындағы мемлекеттілік тарихын танымал ету, азаматтық ұстанымның ортақтығы мен отаншылдықты арттыру; тарихты зерттеу мен жалпыға тарату мәселерінде бұқаралық ақпарат құралдары, азаматтық қоғам институттары, ғылыми және мәдениет мекемелері, мемлекеттік органдардың өзара қарым-қатынасы мен ынтымақтастығын қамтамасыз ету; саяси, әлеуметтік, гуманитарлық және өзге де салаларда Қазақстан мен оның әлемдік қауымдастықтағы орны мен рөлі туралы білімді тарату.

«Джеймстаун қоры» - 1984 жылы құрылған американдық үкіметтік емес зерттеу мекемесі. Қордың міндеті - АҚШ-тың саяси көшбасшылары мен ауқымдырақ саяси қауымдастығын әлемдегі оқиғалар мен тенденциялар жайлы ақпараттандыру.

Меморандум  бейбітшілікті күшейту және аймақтық қауіпсіздік, қарусыздану және ядролық қаруды таратпау, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және демократиялық даму тұрғысында талдау жасау және зерттеу жүргізуді қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды бірлесіп өткізуді көздейді. Құжатта сонымен қатар озық тәжірибе саласында ғылыми зерттеу мен тәжірибе алмасу, бірлескен ғылыми симпозиум, семинар мен конференцияларды өткізу қарастырылған.

ҚР Президенті жанындағы Жаппай қырып-жою қаруын таратпау комиссиясының төрағасы, «Назарбаев орталығы» көп функциялы ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттік мекемесінің директоры ҚАНАТ САУДАБАЕВ: «Джеймстаун қоры» сияқты ықпалды аналитикалық орталықпен ынтымақтастық туралы біздің келісіміміз саяси, әлеуметтік, гуманитарлық және басқа салаларда Қазақстан туралы, оның әлемдік қауымдастықтағы орны мен рөлі туралы білімді таратудағы «Назарбаев орталығының» алдында тұрған міндеттерін жүзеге асыруда маңызды қадам болды. Біздің әріптестігіміз Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастық пен өзара түсіністікті ары қарай нығайтуға қызмет етеді деп сенеміз».

Г.Ховард пен салтанатқа қатысқан «Джеймстаун қорының» жетекші ғылыми қызметкерлері осы құжат арқылы ынтымақтастыққа кең болашақ ашылғанын атап, меморандумға қол қойылғанына үлкен ризашылықтарын білдірді.

Қ.Саудабаевтың АҚШ-тың Қазақстанмен және Орталық Азия елдерімен қарым-қатынастарына маманданушы американдық сарапшылармен кездесуінде сұхбаттасушылар мен қатысушылар таратпау саласындағы Қазақстанның халықаралық бастамаларын, оның ішінде таяуда ҚР Президенті жариялаған АТОМ Жобасын да маңызды жаңа қадам деп атады.

АҚШ-тың ЕҚЫҰ-ндағы бұрынғы елшісі Джули Финли Президент Назарбаевтың саясаты мен оның Орталық Азия елдері үшін маңызына қатысты өзінің пікірін білдірді.

АҚШ-тың ЕҚЫҰ-ндағы бұрынғы елшісі ДЖУЛИ ФИНЛИ: «АТОМ Жобасы «халықаралық масштабты бастамалар көтеретін және ол сөзсіз іске асатын ел ретінде  Қазақстанның реномесін тағы бір рет дәлелдейтін рухтандырғыш бастама». Беделді сарапшының пікірінше, АТОМ Жобасын жүзеге асыру оның гуманитарлық және игілікті бағытта болғандығында, сондай-ақ Орталық Азия елдерінің қарым-қатынасын ары қарай нығайтуға әрекет ете алады.

Тағы бір саясаткер - ЖҚҚ-ны (ОМУ - оружие массового уничтожения) қолданатын лаңкестік пен Жаппай қырып-жою қаруының қауіпін қысқарту жөніндегі АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің бас директоры Лора Холгейтпен кездесудің де маңызды зор деп айтуға болады. Егер Қанат Саудабаев ҚР Президенті жанындағы Жаппай қырып-жою қаруын таратпау комиссиясын басқарғанын ескерсек, американдық әріптесі Лора Холгейтпен ортақ көзқараста екені де түсінікті. Екеуі де екі ел - Қазақстан мен АҚШ-тың бейбітшілікті нығайту мен аймақтық қауіпсіздік мәселелеріндегі ұзақ мерзімді әріптестіктің жан-жақты және өзара тиімді дамуды ұстануын атап өтті.

Кездесу барысында сұхбаттасушылар таратпау саласындағы екі ел ынтымақтастығының жай-күйі мен келешегін талқылады. 2012 жылы наурызда өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі Сеул саммиті барысындағы ҚР мен АҚШ Президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Барак Обаманың кездесуі ядролық қауіпсіздік мәселелеріндегі екіжақты қарым-қатынастың барлық кешеніне маңызды импульс бергені атап көрсетілді. Сұхбаттасушылар Сеул саммитінде бұрынғы Семей ядролық полигонының инфрақұрылымын жоюдағы негізгі жұмыстардың аяқталғанын көрсеткен Қазақстан, Ресей және АҚШ Президенттерінің үшжақты мәлімдемесінің символдық мәні мен маңыздылығын да атап кетті.

Л.Холгейттің атап көрсеткеніндей, АҚШ Президенті Ядролық қарудан азат әлемді құру мақсатындағы 2009 жылғы өзінің прагалық сөзіндегі мәлімдегенін нық қуаттай отырып, Вашингтонда да осы саладағы Қазақстанның қосқан үлесі мен көшбасшылығын бағалайды.

Қанат Саудабаев пен Лора Холгейт Атом қуаты жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) аясындағы төмен байытылған уран отынының халықаралық банкін құру мәселесінің жай-күйі мен алдағы қадамдарын талқылады. Қазіргі уақытта ҚР Президентінің ұсынысымен және МАГАТЭ-нің шешіміне сәйкес, банкті Қазақстанда құру үшін құқықтық базасын жасайтын қабылдаушы тараппен, келісім бойынша осылай аталатын Қазақстанмен МАГАТЭ-нің арасында келіссөздер жүргізіліп жатқаны белгілі.

Сонымен қатар, АҚШ астанасында Қ.Саудабаев жазушы әрі  «Вашингтон пост» газетінің редакторымен кездесті. Дэвид Хофман әлемге өзінің АҚШ пен Кеңес Одағының ядролық қарсылығының тарихын және содан кейінгі АҚШ-тың Қазақстанмен және бұрынғы КСРО-ның басқа елдерімен жаппай қырып-жою қаруын жоюдағы ынтымақтастығын баяндайтын «Мертвая рука» кітабының арқасында танылған. Қ.Саудабаев американдық жазушыны өзі басқаратын ҚР Президенті жанындағы Жаппай қырып-жою қаруын таратпау комиссиясының қызметінен және осы саладағы АҚШ-пен ынтымақтастығының келешегінен хабардар етті.

Іссапар барысындағы «Назарбаев орталығы» дамуы мәселелерінің түйіні АҚШ Ұлттық мұрағатының архивариусы Дэвид Фериеромен кездесуі деуге болады.

«Назарбаев орталығының» директоры атап көрсеткендей, «Қазақстан үшін АҚШ-тағы президенттік кітапхана жұмысының тәжірибесі, әсіресе, американдық мемлекет басшысының қызметіне қатысты материалдарды сақтау, мұрағаттау, құрылымдау, қоғамдық пайдалану және таныстырып ұсынуы зор қызығушылық тудырып отыр».

 

АҚШ-тың Ұлттық мұрағаты хронологиялық жазбалар мен үкіметтік құжаттарды сақтау үшін 1934 жылы құрылған Құрама Штаттары үкіметінің тәуелсіз мекемесі. Ұлттық мұрағат конгресс заңдары,  президенттік жарлықтар мен үкіметтік өкімдер, федеральды құқық нормаларының заңдық түпнұсқасы мен нақты көшірмелерін ресми түрде қуаттау мен жариялауға жауапты. АҚШ Ұлттық мұрағаты қызметiнің аса маңызды бағыттарының бiрi осы елдегі жұмыс жасайтын 13 президенттiк кiтапханалардың жұмысына жетекшiлiк ету болып табылады.

Д.Фериеро ұсынылған бағыттардың ынтымақтастығына жан-жақты қолдау көрсетуге дайындығын білдірді. Мұндай ынтымақтастық тәжірибе алмасу және мемлекеттің орнатылуы мен ол процестегі Президенттің рөліне қатысты зор тарихи  маңызы бар құжаттарды жалпақ елге жеткізу әдістерінен тұрады, сондай-ақ аталған тақырыптағы семинарлар мен білім беру бағдарламаларын ұйымдастыруды да қамтиды. Осы орайда, интернет-қолданушыларға қол жетімді ірі ғылыми көпшілік кітапхананың бірін алда жасау үшін Д.Фериероның Нью-Йорк Қоғамдық кітапханасының басшысы ретіндегі жинақтаған жеке бұрынғы тәжірибесі де үлкен қызығушылық тудырды.

Сұхбат барысында тараптар «Назарбаев орталығы» мен АҚШ Ұлттық мұрағатының келешектегі ынтымақтастығының негізгі бағыттарын белгіледі. Атап айтқанда, сұхбаттастар президент қызметінің сан қыры арқылы мемлекеттiк басқару процесін көрсететін құжаттық материалдарды бекіту мен сақтау мәселелері бойынша тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін қарастырды.

Қанат Саудабаевтың АҚШ-қа сапары түрлі деңгейдегі көптеген жаһандық мәселелер бойынша ары қарайғы ынтымақтастыққа екі елдің де  мүдделі екендігін нақтылайды.

20 жыл бұрын ғана Америка Құрама Штаттарында Қазақстан туралы тек қана Орталық Азия бойынша сарапшылар мен дипломатиялық топтың өкілдері ғана білетін. Бүгінгі таңда америкалық саясаттың жоғары фигуралары танығанындай, батыс қоғамының санасында біздің еліміз туралы түсініктері айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Қазақстан әлемдегі жаһандық қауіпсіздікті сақтаудың көптеген мәселелерін шешуде маңызды әрі сенімді әріптес ретінде қабылданады.

«Назарбаев орталығы»

Қоғаммен байланыс жасау бөлімі

Тел./факс: +7 7172 57 23 37, 57 23 35//38

 

E-mail: nazarbayevcenter@gmail.com

nazarbayev_ortalygy.mm@mail.ru

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5470