Жұма, 22 Қараша 2024
2717 4 пікір 29 Наурыз, 2022 сағат 13:53

Путиннен көмек сұраған Панованың үстінен іс қозғалды

«Еуропа Плюс Қазақстан» радиостанциясының бұрынғы жүргізушісі Любовь Панованың үстінен «Ұлтаралық араздықты қоздыру» бабы бойынша іс қаралатын болады. Бұл туралы Алматы полициясы мәлімдеді.

«Алматы қаласы полиция департаменті ПД Тергеу басқармасының аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірыңғай тізімінде ҚР ҚК 174-бабында көзделген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс тіркелгенін хабарлайды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады», - деп хабар таратты баспасөз қызметі.

Панова әлеуметтік желіде Ресейдің Украинаға басып кіргенін айыптаушыларға қаратып «Вова ағайды» көмекке шақыратынын айтқан.

Оның Вова ағайы – басқа-басқа емес, Кремльдің қожайыны, Ресей президенті, бүкіл өркениетті жұрт Украинаға жасаған басқыншылығы үшін Гитлерге теңеп отырған Владимир Путин.

Әлеуметтік желі қолданушылары оның сөзін қызу талқылап, жүргізушінің пікірін «арандатушылық» деп бағалады.

«Еуропа Плюс Қазақстан» радиостанциясы оқиғаға қатысты түсініктемесінде: «Біздің қызметкер Любовь Панованың әлеуметтік желілердегі жеке аккаунттарында айтқан сөздері, оның жеке ұстанымы біздің радиостанцияның саясатына еш қатысы жоқ деп мәлімдейді», - деп жазып, артынша оны жұмыстан шығарып жіберді.

Айта кетейік, 28 наурызда Қазақстанның бас прокуратурасы «ұлтаралық араздықты қоздыру», «басқа өлкенің аймағындағы соғыс әрекеттеріне қатысты үндеу жасау», «ондай жанжалдарға қатысу» және «Қазақстанның аймақтық тұтастығын бұзуға шақыру» бойынша қылмыстық жауапкершілік бар екенін ескерткен болатын.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5313