Сенбі, 23 Қараша 2024
3197 0 пікір 5 Сәуір, 2022 сағат 14:07

Ресей жапқан есігін қайта ашады

Ресей 9 сәуірде 52 елге ұшуға тыйым салған ковид шектеулерін жояды, – деп мәлімдеді премьер-министр Михаил Мишустин.

Тізімге Ресейде "дос" мемлекеттер енді, деді шенеунік. Мәселен, онда Ауғанстан, Египет, Қытай және Марокко бар.

Мишустиннің айтуынша, коронавирус жұқтырғандар көрсеткіші азайып келеді, сол себепті ресейлік әуе компанияларының ұшу бағыттарын көбейтетін уақыт келді.

Бұған қоса, 9 сәуірде Қытаймен шекарада ресейліктер мен шетел азаматтарына құрлықтағы шекарадан өтуге жарияланған шектеулердің бәрі алынады. Ресейдің басқа да елдермен шекарасынан өту кезінде кейбір шектеулер әлі алынған жоқ. Олар 2020 жылы коронавирус індеті кезінде жарияланған.

Ресейдің Украинадағы "арнайы операциясы" басталғалы Еуропа одағының мүшелері, АҚШ, Ұлыбритания және басқа да елдер ресейлік ұшақтар үшін әуе кеңістіктерін жапты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371