Сенбі, 12 Қазан 2024
3164 10 пікір 7 Сәуір, 2022 сағат 14:25

Бес адамды өлтірген Дужнов "кінәсізбін" дейді

2021 жылғы 20 қыркүйек күні Алматының Ақбұлақ шағын ауданында кісі қолынан қайтыс болған бес адамның өліміне қатысты іс бойынша сот процесі жалғасуда. Сотталушы болған оқиғаға қатысты өз нұсқасын ұсынды. Бұл туралы Zakon.kz-ке сілтеме жасап Abai.kz хабарлайды. 

Игорь Дужнов жауап алу кезінде 2021жылғы 20 қыркүйектегі оқиғаның мән-жайын айтты. Айыпталушының айтуынша, сот орындаушы оларды заңсыз көшірмек болған.

"Отбасымды көшеге қаңғыртып жіберетінін түсіндім. Заңсыз көшіруді тоқтатудың бірден-бір жолы үйімнің аумағына басып кірген қарсыласты талқандауға бағытталған белсенді қарсылықты қолдану болды. Гаражда қаруым болатын. Мен гаражға кіріп, үлкен оқжатарға он оқ салып, ыңғайлы жерге бардым да, басқыншыларға: «Қабырғаға!» деп бұйрық бердім. Қатысы жоқ адамдарға шетке кетіп қалуға мүмкіндік бердім" - дейді Игорь Дужнов.

Сотталушы өзін кінәлі деп санамайды, өйткені ол отбасын заңсыз көшіруге жол бермеуде басқа амал болмады деп отыр.

«Кісі өлтіру» және «Билік өкіліне шабуыл» бабы бойынша тергеу басталды. Ол 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Abai.kz

10 пікір