АҚШ Путиннің қыздарына санкция салды
АҚШ президенті Джо Байден Ресейге қарсы жаңа санкция пакетін бекітті. АҚШ және оның Үлкен жетілік елдеріндегі, Еуропалық Одақтағы серіктестері Ресейдің Украинадағы соғысын, әсіресе Буча қаласын қатігездікпен талқандағанын сынады.
"Біз осы зұлымдықтың барлығын құжатта сақтаймыз және кінәлілерді жауапқа тарту үшін барлық қол жетімді тетіктерді қолданамыз", – деп атап өттілді Ақ үйдің пресс-релизінде.
АҚШ бірқатар ресейлік шенеуніктер мен олардың отбасы мүшелеріне санкциялар салды. Оның шінде Ресей президенті Владимир Путиннің екі қызы,Ресей СІМ басшысы Сергей Лавровтың әйелі мен қызы, Дмитрий Медведев пен елдің премьер-министрі Мишустин және Ресей Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері бар.
Президент Джо Байден Ресей экономикасына жаңа инвестиция құюға тыйым салу туралы Жарлыққа қол қойды. Сонымен қатар, Ресей Федерациясының ең ірі қаржы ұйымы, барлық банк активтерінің үштен бір бөлігін алатын Сбербанкке, тағы бір ірі банк - Альфа банкіне санкциялар салып жатыр.
Abai.kz