Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
Бәрекелді! 5482 8 пікір 8 Сәуір, 2022 сағат 12:54

«2ГИС» қазақша сөйледі

«2ГИС» бағдарламасын көпшілікке таныстырып жатудың қажеті жоқ. Алғашқыда жолаушы тасымалдайтын жеңіл көліктерге жайғасқаннан-ақ, бағдарлы бағытыңды әр қадам сайын саңқылдап айтып отырған дауысқа қарап, адамдар таң-тамаша қалушы еді. Кейін келе-келе оған үйренді. Жеке көлігіне орнатып, күнделікті өмірде пайдаланушылар санында есеп жоқ.

Ал соның қай тілде сөйлеп жатқанына мән береміз бе?

Тіл саясаты комитетінің бастамасы бойынша ағымдағы жылдың 7 сәуірі күні «2ГИС» бағдарламасын қазақ тілінде сөйлету мақсатында навигаторды ана тілімізге аудару үшін келіссөз жұмыстары мәреге жетті. Оған Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бес бірдей маманы қатысады.

«2gis компаниясына» олар туралы ақпараттар жіберілді. Енді аударма жұмыстарына кірісеміз. Ең бірінші кезекте, қазақ тіліндегі сөздердің қолданысқа оңай, ұғымға жеңіл болуын қарастырамыз, - дейді Орталықтың Ақпараттық технологиялар басқармасының басшысы Мөлдір Бақытқызы.

Енді жақын күндері астыңыздағы көлігіңіз ана тілімізде бағыт-бағдар беріп, діттеген жеріңізге жаңылмай жетуіңізге қолғабыс бермекші.

Іске сәт, әріптестер!

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 974
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2489
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 677
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 650