Мүшәйра: «Байтақ елім –бақытым!»
Астана «Байтақ елім -бақытым!» атты жыр
мүшәйрасына шақырады
Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақстан Жазушылар одағының Астана қалалық филиалы және Сәкен Сейфуллин мұражайы «Бірінші желтоқсан - Тұңғыш Президент күні» мерекесі құрметіне «Байтақ елім - бақытым!» атты ашық мүшәйра жариялайды. Бүгінде өз алдына тәуелсіз ел болып еңсе көтерген, ұлан-байтақ іргесін бекітіп, Елордасын ел ортасына көшіріп, биік Бәйтерегін орнатқан, айшықты Астанасын әлемге танытқан, ядролық қарудан бас тартып, халықтар арасындағы бейбітшілік пен келісімге мұрындық болған, ынтымағы ұйыған, Алаш арманын, бабалар ерлігін, ел намысын, ата салтын мұрат тұтып, Мәдени мұрасын қасиеттеген, өшкені жанып, өлгені тірілген, керегесі кеңейген, терезесі теңелген, жаңа заманның жаңа сипатына сай керуен -көшімен болашаққа бет түзеген жас қазақ мемлекетінің мәртебесі мен мерейін асқақтатқан; осының бәрін жүзеге асырудағы Елбасының ерен еңбегін, қайраткерлік тұлғасын жалаң мадаққа ұрынбай, ел тарихымен, ұлт рухымен ұштастыра тереңнен толғап, кеңінен қамтып, шынайы да көркем жырлай білген ақындарға бәйге беріледі:
Бас жүлде - бір миллион теңге
Бірінші орын - біреу
Екінші орын - екеу
Үшінші орын - үшеу
Ынталандыру сыйлықтары - бесеу

Мүшәйраға жаңа жазылған өлеңдер мен толғаулар ғана қабылданады. Қазылар алқасы шешімі қайта қарауға жатпайды. Мүшәйраға қатысушылардың шығармалары компьютерге басылған 5 данадан кем емес және электронды нұсқасымен 2012 жылдың 20 қарашасына дейін мына мекен-жайға келіп түсуі керек:
Индекс: 010000
Астана қаласы
Әуезов көшесі, 20 «А»
«Сәкен Сейфуллин мұражайы» Тел: 32-84-67, 53-34-03
e-mail:astanakalamger@mail.ru
ЕСКЕРТУ: Жүлдегерлердің Астанаға келіп-кету жол шығыны мен жатар орны мәселесін ұйымдастыру комитеті мойнына алмайды.