Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
3733 5 пікір 13 Сәуір, 2022 сағат 14:06

Петиция: Ұйғыр ауданының атауы өзгерсін!

Еgov.press порталында Ұйғыр ауданының атауын өзгерту туралы арнайы петиция жарияланыпты. Оған қазірдің өзінде 16 мыңға жуық адам қол қойған.

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына қарата жазылған петицияда:

«Жоқ жерден жау іздегіміз келмейді, бірақ сөзсіз шешілуге тиісті бір мәселе бар. Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл Ұйғыр ауданының атауын Қарадала немесе Шарын деп өзгертуге ұсыныс жасады.

«Бұл мәселе көп жылдан бері талқыланып келеді. Қоғам белсенділері бірнеше рет хат жазған. Бұқаралық ақпарат құралдарында қаншама мақалалар жарияланды. Халық «бұл ескі мәселе Жаңа Қазақстанға ауыса ма?» деп жиі сұрайды» дейді депутат.

Аудан атауын «Қарадала» немесе «Шарын» деп өзгерту керек. Неге Шарын? Өйткені бұл аймақта Шарын өзені ағып жатыр және Шарын шатқалы орналасқан.

Біз, Қазақстан халқы Ұйғыр ауданының атауы Шарын немесе Қарадала ауданы деп өзгертілсін деп талап етеміз!», - деп жазылған.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1172
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2697
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 818
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 789