Жексенбі, 20 Қыркүйек 2026
3648 1 пікір 15 Сәуір, 2022 сағат 11:58

Украина Радасы Ресейдің әрекетін геноцид деп таныды

Украина Жоғарғы Радасы ресейлік армияның, Ресейдің саяси және әскери басшылығының әрекеттерін украин халқына жасаған геноцид деп танитын жарлық қабылдады. Бұл туралы Рада сайтында хабарланды.

Құжатты депутаттардың 363-і қолдап дауыс берді.

"Ресей қарулы күштерінің әрекеті қылмыстық агрессия ғана емес, оның мақсаты - украин халқын жою", - делінген жарлық түсіндірмесінде.

Құжатта Рада депутаттарының үндеуі БҰҰ, Еуропа кеңесінің парламенттік ассамблеясы, Еуропарлаент, ЕҚЫҰ және НАТО ұйымдарына, сонымен бірге мемлекеттердің үкіметтері мен парламенттеріне жолданатыны айтылған. Рада олардан ресейлік әскердің Украинадағы әрекетін украин халқына жасалған геноцид деп тануын сұрайды.

Бұған қоса, Украина парламенті Z және V белгілеріне тыйым салу туралы жарлық қабылдады. Оларды киімге, әлеуметтік желіге, БАҚ-қа, жарнамаға, қоғамдық орындарда жазуға болмайды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1343
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2919
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 999
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 930