Жиналған халық: "Торғай облысы қайта құрылсын"
Сенбі күні Нұр-Сұлтан қаласының орталық цирк аумағында ондаған адам митинг өткізіп, Торғай облысын қайта құруды талап етті. Шараны өткізуге әкімдік рұқсат берген.
Митингіге жиналғандар “Торғай елеусіз қалмасын!”, “Торғай ұлттың ұясы!”, “Тоқаев, Торғайдың тағдырына назар аударыңыз” деген жазуы бар плакаттар мен қоғам қайраткерлері Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлының суреттерін ұстап тұрды.
Митингті ұйымдастырушылар аймақтан шыққан есімі белгілі адамдар туралы сөз сөйледі. Митингіден соң жиналғандар Торғай облысын ашу туралы петицияға қол қойды.
Наурызда Қазақстанда тағы үш облыс пайда болатыны белгілі болғаннан кейін Торғай облысын қайта құру мәселесі жиі айтыла бастаған.
Abai.kz