Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 6954 34 пікір 18 Сәуір, 2022 сағат 12:17

Ресей: «Қазақстан неге парад өткізбейтінін түсіндірсін!»

«Жеңіс Күнінде» әскери шеру жасап, артынша «Бессмертный полк» атты акция ұйымдастыру Ресейдің идеологиялық құралының бірі болған. Бірегейі десек те қателеспеспіз. Жыл сайын дәл осы күнді Ресей барынша кеңінен атап өтіп, кеңестік идеологияны қазіргі Ресей саясатымен ұштастырып, оны өзге посткеңестік елдерге таратуды көздейді.

«Жеңіс Күніндегі» әскери шеру Ресейдің сыртқы саясаттағы басым бағыттарының біріне айналған. Мысалы «кім шеру жасайды, сол Ресейді қолдайды» атты ұрандар жыл сайын айтылады. Тіпті Ресей «Жеңіс Күнінде» шеру ұйымдастыру үшін жыл сайын миллиардтаған рубль қаржысын жұмсап, арнайы концерттер мен акциялар ұйымдастырады, Георгий лентасын жасатып, таратады.

Қазақстан биыл әскери шеру жасамайтынын айтты. Қорғаныс министрлігі «шеруге кететін қаржылық шығынды басқа мақсатқа жұмсаймыз», деді. Ал «Бессмертный полк» атты акция биыл онлайн форматта өтпек. Ресей саясаткерлері Қазақстанның бұл қадамын қате деп санап, түрлі болжамдарын айтуда. Олардың көпшілігі «коронавирустың таралуы Қазақстанда азайды, алайда шерулер мен акцияларға тыйым салып отыр, бұл дұрыс емес» деген ойда.

РФ Мемлекеттік Думасының депутаты Николай Новичков былай дейді: «Ешқандай дау жасаудың қажеті жоқ, тек мәселенің басын ашып алу керек. 9 мамырдағы Жеңіс парадына қатысты біздің позициясызды ресми түрде дипломатиялық жолмен түсіндіру керек. Өйткені Жеңіс парадын өткізу - біз үшін өте маңызды және бұл дәстүр. Ал егер Қазақстан билігі неліктен бұндай шешім қабылдағандарын түсіндірсе, біз де түсінеміз. Мәселе жабылады. Себебі біз Қазақстанмен достық қарым-қатынастамыз».

Бұның «Қазақстан бізге түсіндірсін» дегенін қалай түсінеміз? Ресей депутатының сөзіне қарасақ, Қазақстан шешімін өзге елге түсіндіруге міндетті ме? Ресейлік саясаткерлер өз мәлімдемелері арқылы Жеңісті иемденіп алғысы келетінін ашық аңғартып жүр.

Соңғы жылдары Ресей билігі Кеңестік кезеңді мақтауды, мадақтауды, жақтауды ашық насихат түріне айналдырды. Олар Сталин жайлы фильмдер түсіруде, оның саясаты Ресейді ұлы етті деген идеяны барынша жас ресейліктердің санасына сіңіріп жатыр. Күні кеше Путин КСРО-ны екінші жаһан соғысына кінәлә деп атаушыларды қылмыстық жазаға тарту туралы заңға қол қойды. Мәскеудің Жеңіс күнімен астастыра жүргізген саясаты Украина жеріндегі ойранға тікелей әсер етті. Бүгінде Украина шығысында ойран салып, Бучада қырғын салған Ресей әскерінің қолындағы Георгий лентасы соның бір айқын дәлелі емес пе?!

Ка Мырза

Abai.kz

34 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1480
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475