Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2795 0 пікір 23 Шілде, 2009 сағат 05:53

Дәурен Қуат. Рахаттың кесірі

Австрияда тығылып жүрген Рахат Әлиев мұндағы халықтың еркін ақпарат алуына кесірін тигізіп бағуда. Қалай дейсіз ғой? Бұл сұраққа жауап беру үшін төмендегі мәселелерге ептеп шолу жасап өткеніміз абзал.
Елімізде интеренет-ресурсатар бұқаралық ақпарат құралдарына тең мәртебе иеленді.  Таяуда БАҚ туралы заңға енген өзгерістердің нәтижесінде осы бір жайт төрткүл дүниеге мәлім болды.  Былай қарағанда билік тарапынан жасалған бұл қадам интернет-ресурстарына иелік етіп отырған жекелеген тұлғаларды қуантуға тиіс еді. Алайда олар қоғамдық пікірдің шеңберінде өз наразылықтарын білдіріп, Парламентте талқыланып Президент мақұлдаған заңды құп көрмеуде. Неге десеңіз, сайттардың БАҚ-қа теңелуі әлемтордың Қазақстан аумағында тежелуі болып табылады екен. Азаматтардың еркін ақпарат алуы да енді бұдан былай шектеле түспек. Алайда, Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы Қуанышбек Есекеев «интернеттің БАҚ-қа теңелуі тиым салынған ақпарттан өзгесіне қол жеткізуге қақылы қазақстандықтардың Конституция бойынша құқын еш шектеген жоқ» дейді журналистермен кездескен сайын.

Австрияда тығылып жүрген Рахат Әлиев мұндағы халықтың еркін ақпарат алуына кесірін тигізіп бағуда. Қалай дейсіз ғой? Бұл сұраққа жауап беру үшін төмендегі мәселелерге ептеп шолу жасап өткеніміз абзал.
Елімізде интеренет-ресурсатар бұқаралық ақпарат құралдарына тең мәртебе иеленді.  Таяуда БАҚ туралы заңға енген өзгерістердің нәтижесінде осы бір жайт төрткүл дүниеге мәлім болды.  Былай қарағанда билік тарапынан жасалған бұл қадам интернет-ресурстарына иелік етіп отырған жекелеген тұлғаларды қуантуға тиіс еді. Алайда олар қоғамдық пікірдің шеңберінде өз наразылықтарын білдіріп, Парламентте талқыланып Президент мақұлдаған заңды құп көрмеуде. Неге десеңіз, сайттардың БАҚ-қа теңелуі әлемтордың Қазақстан аумағында тежелуі болып табылады екен. Азаматтардың еркін ақпарат алуы да енді бұдан былай шектеле түспек. Алайда, Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы Қуанышбек Есекеев «интернеттің БАҚ-қа теңелуі тиым салынған ақпарттан өзгесіне қол жеткізуге қақылы қазақстандықтардың Конституция бойынша құқын еш шектеген жоқ» дейді журналистермен кездескен сайын.
Жалпы «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңға сәйкес 2001 жылдан бастап веб-сайттар БАҚ дәрежесіне теңелген болатын. Ақпараттар тасқынының алапты туған бүгінгі заманда веб-сайттар ұлғайып интернет-ресурстар деген ұғымды бергенімен оның жұмысына аталған заң пәлендей кедергі келтірмейтін көрінеді. Есекеев мырзаны тыңдасақ солай сияқты. Үздіксіз ақпарат тарататын ақпарат көзі болғанымен интернет-ресурстар телеарналар мен радиотораптары секілді арнайы тіркеуден өтпейді. Бірақ, интернет-ресурстардың қызметі Қазақстан аумағында БАҚ ретінде бағаланбақ. Демек, БАҚ бәсекесінде сайттардың пәрмені  ерекше сезіле бастағаны ғой. Расында солай емес пе?.. Интернет қазір әлем халықтарын ақпарат кеңістігінде тұтастырып, мәдениеттердің алмасуы мен ой жарысының арқауына айналды. Бейнелеп айтсақ, интернет - дүниенің бұлың пұшпағын тегіс көрсететін шарайна секілді. Ертегілерде баяндалатын ғажап шарайна. Әйткенменде, әлгі «шарайнаның» қауіпті тұстары да бар болып шықты. Бала тәрбиесінің дәстүрлі жолын берік ұстанған үлкендер мысалы, сайттардың ішін кезіп жүрген сайтани пиғылдар мен сайқымазақ ойындардан қауіптеніп «компьютер бастанған» ұрпағының келешегіне алаңдаулы. Отбасында отырған ата-ананы былай қойыңыз, аспан астын жайлаған Қытай мемлекетінің өкіметі өз елінде  қарыштап дамыған интернетке сақ қарап, оған қатаң бақылау орнатуда. Ресейде өзінің ішкі қауіпсіздігі үшін сайттардың қызметін құпия орындардың құзырына тапсырып қойыпты. Алайда аталған екі ел де интернет-ресурстардың арнасында тулап жатқан ақпараттар тасқынын ауздықтай алмай отыр. Дегенде Қазақстан билігінің қаракеті қай қисынға саяды? Біріншіден, еліміздегі ресми билік бүкіл дүние жүзін торлаған инернет-ресурстарға бақылау жасай ала ма? Жоқ.  Екіншіден, Қазақстанда БАҚ-қа теңелетіндей ішкі ақпарттық кеңістікті қамтамасыз етіп үлгерген интернет-ресурс, қазақ тілінде толассыз ақпарат бере алатын сайттар бар ма? Санаулы ғана. Үшіншіден, Алтай мен Атыраудың, Алатау мен Арқаның арасында кең жайылған БАҚ өнімдерінің бәрі Қазастанның БАҚ туралы заңымен өмір сүріп жатыр ма? Жоқ. Мәскеудің саясатын ғана жүргізетін орыс баспасөзі Қазақстанның БАҚ туралы заңына бағына ма? Жоқ. Орыс баспасөзіне Қазақстанның бақылау жасауға қақы бар ма? Жоқ. Ендеше БАҚ-қа теңелген ғаламтор мен  Қазастанның БАҚ туралы заңы қандай қарым-қатынаста болуы мүмкін?  Заң бойынша БАҚ-қа теңелеген сайттардың қызметін еліміздің шегінде сот шешімі тоқтатқанымен шетелдік интернет-ресурстарда жарияланып кететін ақпарттарға Қазақстан билігі шектеу қоя ала ма? Жоқ. Шамасы, Қазастанда интернет-ресурстардың БАҚ-қа теңелуі  биліктің қарақан басының қауіпсіздігін қамтамасыз етуден шыққан байлам болса керек. Яғни, біздегі биліктің жасампаздығына көлеңке түсіретін ақпараттар интернет-ресурстар арқылы тарала қалса,  дереу оған қарсы шара қолданылады.
Осының бәрі Рахат Әлиевтің кесірі, һәм сол салған лаңның «нәтижесі» демеске амалымыз кем.  Сырттай ұзақ мерзімге бас бостандығынан айрылған Рахат Әлиев пен оның үзеңгі жолдасы, бұрынғы ҰҚК басшысы Әлнұр Мұсаев екеуіне мемлекеттік төңкеріс жасау үшін әртүрлі әрекеттерге барды, мемлекеттік құпия құжаттар мен стартегиялық нысандарды шетелдік барлау орындарына сатты, Отанға опасыздық жасады,  байланыс желілеріне заңсыз бақылау орнатып тыңшылық етті, шетелдерден улы дәрілер әкеліп оны елдегі саяси тұлғалардың өміріне қастандықпен қолданды деген айыпттар тағылған болатын. Қазақстанда жарты патшаның дәуренін сүріп, шалқалаған тұсында қарайған жұртты қырып кете жаздаған Әлиев дейтін бейшара осы күндері Австрияда саяси қуғын-сүргінге ұшыраған адамның санатына еніп қана қоймай енді жоқтан барды құрап естелік жаза бастапты. Әлиевтің «Өкіл қайын ата» атты еңбегін нағыз бестселлер деуге болатын шығар. Қым-қуыт оқиғаға, тіпті тесік шұлыққа дейін қалдырмай  қағаз бетіне түсірген Әлиевтің кітабы баспадан бояуы сорғып шығысымен үлкен сұранысқа ие болды. Шетелде қолдан қолға өткен әлгі кітаптың таралымына тек Қазақстанда ғана тиым салынды. Бас прокуратура кітапты таратқан адам былай тұрсын, оқыған пақырдың өзін жауапқа тартатын болып түгін тіктеп түтеп шыға келді. Құрметті оқырман, енді мына жайтқа назар салыңыз. Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттіктің басшысы Қуанышбек Есекеев интернет-ресурстардың БАҚ-қа теңелуі Қазақстан азаматтарының Конституцияда көрсетілгендей тиым салынғаннан басқа ақпарттарды алуға қатысты қақын шектемейді деп сендіріп отыр. Мінекей, өмір шындығы әйгілеп берді: бізде билік жүйесіне байланысты жазылған күлді бадам дүниенің өзі тиым салынған ақпарт болып табылады екен. Нағызына жүгінсек, Ақ Орданың айналасында жүрген адамдарға  қатысты келеңсіз ақпарат интернет кеңістігінде жариялана қалса сот ондай оңбаған, пәлеқор сайтты сарт еткізіп жауып тастап, тұтқынға алады. Сонда интернет-ресурстардың БАҚ-қа теңеліп бақылауға алынғаны биліктің қауіпсіздігін қамтамасыз етуден басқа нені білдіреді, нендей миссия атқарады? Егер билікті еліміздегі ақпарат кеңістігінің қауіпсіздігі мен тұтастығы толғандырса, онда алдымен түнде Ресейде басылып таңа ата Қазақстанда таралатын орыс баспасөзіне шектеу қойылуы керек. Алайда билік ондай қадамға бармайды. Бармайтын себебі Ресей басылымдары Қазақстандағы билікке қатысты қырын саясат ұстанбайды. Билікке керегі де – осы. Ел халқының бүгінгі әлем туралы көзқарасы мен пайымы Ресейдің ықпалында кетіп бара жатқаны, жас ұрпақтың тілін ұмытып, өз мәдениетінен жеріп, қазақ боп туғанына қорынатындай халге жеткені жоғары жақтың қаперіне де кіріп шықпайтын секілді. Бұршақ жауса балапанын тастап басын қорғалайтын торғайдай билік міне алдымен өз басының қауіпсіздігі үшін иентернет-ресурстарды бақылауына алды. Ал елді тонап қашқан Әблязовтар  Рахат Әлиевтің қатарын барып толтыруда. Соған қарағанда «қызықтың көкесі» алда көрінеді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371