Сенбі, 23 Қараша 2024
1972 2 пікір 19 Сәуір, 2022 сағат 14:07

Прокуратура: Бүлікке қатысқандарға 20-100 доллар төлеген

"Қаңтар бүлігіне" қатысқаны үшін $20-дан $100-ға дейін төленді, деп мәлімдеді Бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов.

«Қаңтар оқиғасының ұйымдастырушылары мен қатысушыларын анықтау және жауапкершілікке тарту бойынша тергеу белсенді жүргізілуде. Мәселен, Алматы облысында Талдықорған қаласында тәртіпсіздіктерді қаржыландырған, сонымен қатар азаматтардың мүлкіне зиян келтіруге және мемлекеттік нысандарды басып алуға ықпал еткен «О» және «Н» азаматтары анықталды. Бүлікке қатысқаны үшін бір адамға $20 - дан $100-ға дейін төленді», - деді Қилымжанов сейсенбі күні өткен брифингте.

Оның айтуынша, «бұл фактілер тергеу барысында анықталды және жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты деген күдікке ілінген тұлғалардан жауап алу арқылы расталады».

«Жамбыл облысының тұрғыны Алматы қаласында 2022 жылдың 4 қаңтарында Telegram арнасын ашып, бірнеше сағат ішінде бірнеше мың қатысушы жазылды. Осы Telegram арнасы арқылы оның қатысушылары баррикадалар құру, Молотов коктейльдерін жасау, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қарсылық көрсету және ғимараттарды басып алу туралы егжей-тегжейлі нұсқаулық алды. Одан кейін 5 және 6 қаңтарда бүлікшілердің қозғалысы және олардың Жамбыл облысындағы мемлекеттік нысандарға шабуылын түзету туралы ақпарат көрсетілген арна арқылы жіберілді», - деді қадағалаушы орган өкілі.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435