Сейсенбі, 1 Сәуір 2025
2981 3 пікір 27 Сәуір, 2022 сағат 15:45

Заң жобасы: Қаржы пирамидасын жарнамалайтындар жазаға тартылады

Мәжіліс депутаттары қаржы пирамидаларын жарнамалайтындарға қылмыстық жауапкершілік жүктейтін заң жобасын әзірледі. Бұл туралы Мәжіліс Спикері Ерлан Қошанов айтты.

"Біз таяуда ғана қайғылы оқиғаға куә болдық. Қаржы пирамидалары бүкіл аймақтың бас ауруына айналды. Танымал вайнерлер, әртістер, қоғамда беделі бар адамдар жарнама жасаған соң халық оларға сеніп қалады. Адамдар қалтасындағы соңғы тиынын апарып береді. Нәтижесін көріп отырмыз. Сондықтан біз бүгін депутат Ли Юрий Виссарионовичтің басшылығымен заң жобасын әзірледік», - деді Қошанов.

Оның ойынша, заң жобасы биыл қабылданады.

"Біз вайнерлердің, қаржы пирамидаларын жарнамалайтын әртістердің әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілік белгілейміз", - деді спикер.

Бұған дейін Қаржы мониторингі агенттігінде Qnet компаниясының қаржы пирамидасының басшыларына қатысты тергеудің басталғаны туралы хабарланған еді. 20 сәуірде вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов Алматыдағы Mudarabah Capital қаржы пирамидасы туралы іс бойынша қамауға алынған болатын

 

Abai.kz

 

 

3 пікір

Үздік материалдар

Азамат

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 240
Болған оқиға

Тілендиев неге Таразидың құлағын қыршып алды?

Төреғали Тәшенов 310
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 296
Алтын Орда

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 216