Сәрсенбі, 23 Қыркүйек 2026
3501 0 пікір 4 Мамыр, 2022 сағат 14:42

Түркімен молдалары Аркадагтың кітабын оқиды

Түркіменстандағы молдалар Ораза айттағы мерекелік намазда экс-президент Гүрбангұлы Бердымұхамедовтің "Өмірімнің мәні" атты жаңа кітабын оқыды. "Хроника Туркменистана" тәуелсіз басылымының хабарлауынша, кітап оқу сәті мемлекеттік ақпарат агенттігі дайындаған репортажда көрсетілді.

Гүрбангұлы Бердымұхамедовтің жаңа кітабы "Өмірімнің мәні" деп аталады. Мемлекеттік ақпарат агенттігі экс-президенттің бұл шығармасын "түркімен халқының мыңдаған жылдар бойы ұрпақтан ұрпаққа таралып келе жатқан даналығы мен ұлттық рухани құндылығы" деп сипаттады. Кітапты 29 сәуірде автордың ұлы, Түркіменстан президенті Сердар Бердымұхамедов таныстырды.

Билікті ұлы Сердарға тапсырған Гүрбангұлы Бердымұхамедов сәуірде президенттен демалыс сұрады. Ол демалыс кезінде жаңа кітабын аяқтайтынын айтты. Оның демалысы қаншаға созылатыны хабарланбады.

Гүрбангұлы Бердымұхамедов 60-тан астам кітаптың авторы. Оның шығармалары сан-алуан тақырыптарға арналған. Саясаткер мемлекетті басқару, халықаралық қатынастар, дәрілік шөптер, жылқы шаруашылығы, ит асырау туралы шығарма жазды. Оның кітаптарын елдегі оқу орындары зерттейді, мемлекеттік БАҚ-тың тікелей эфирінде оқылады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1394
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2973
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1042
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 972