Сенбі, 23 Қараша 2024
Ақмылтық 3156 5 пікір 10 Мамыр, 2022 сағат 14:49

Ленд-Лиз: Соғыстың жаңа кезеңі басталды

АҚШ президенті Джо Байден Украинаға қатысты Ленд-Лиз заңына қол қойды. 9 мамыр күні тікелей эфирде қол қойған Байденнің әрекетін саясаткерлер алдын-ала жоспарлап, арнайы 9 мамырды таңдағанын айтады. "Бұл фашизмнің жеңілген датасы саналады, ал Ленд-Лизге қол қою арқылы Ресей агрессиясын дәл сол идеологиямен теңестірудің нышаны", - дейді олар. 

Бұл АҚШ тарихындағы екінші Ленд-Лиз. Алғаш рет 1941 жылы Франклин Рузвельт Ленд-Лиз қабылдап, қол қойды. Ол бойынша Үшінші Рейх әскеріне қарсы соғысушы Еуропадағы одақтастар мен КСРО-ға қару-жарақ, азық-түлік, жанармай, оқ дәрі және тағы басқа қажеттіліктерді берді. Ленд-Лиз шарты бойынша ұрыста жойылған қаруды төлеу қажеттілігі жоқ, қалғанын төлеу міндеттеледі. КСРО-ға АҚШ Ленд-Лиздің бестен бір бөлігін табыстады. Ол 11 млрд доллар, ал қазіргі доллар бағамы бойынша 170 млрд доллар көлеміндегі көмекке тең. Ленд-Лиз аясында КСРО ондаған мың танк пен вагон, ұшақтар мен жүздеген мың жүк көліктерін алды. Ленд-Лиз қарызын КСРО, артынша Ресей төлеп, 2006 жылы құтылды.

Енді АҚШ өз тарихында екінші мәрте Ленд-Лиз қабылдап отыр. Украинаға қатысты Ленд-Лиз заңын қабылдауды Техас сенаторы Джон Корнин ұсынған болатын. Артынша аталмыш заң талқыланып, 6-сәуір күні АҚШ Сенаты қабылдады. Ал 28 сәуір күні Өкілдер палатасы мақұлдады. Осылайша президентке қол қоюға жіберілді. Талап бойынша АҚШ президенті заңға 60 күннің ішінде қол қоюға тиіс еді, алайда Байден ұзаққа созбай 9 мамырда қол қойып, тарихи шешімді бекітті.

Ленд-Лиз аясында Украинаға қару беру процесі жылдамдайды және бюрократиялық кедергілерді айналып өтіп, жеңілдейді. Нәтижесінде қару Украинаға апталап емес, бірнеше күннің ішінде жеткізіледі. Байден Конгресстен 33 млрд доллар қаржы сұраған болатын. Алайда Конгресс 40 млрд доллар беруі мүмкін деген ақпараттар айтылуда. Бұл Украина қорғанысын күшейтіп, қарсы шабуылға шығу мүмкіндігін еселеп арттырады.

Сарапшылар Ленд-Лиз шығынын Украина бұғатталған Ресей қаржысы арқылы төлейтінін айтады.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395