Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3482 0 пікір 2 Қараша, 2012 сағат 10:16

«Д» аралы дүниені өзгертпек

2000 жылы ашылған кеніш араға 13 жыл салып, өзінің жемісін бергелі отыр. Яғни Д аралы теңіз қойнауындағы «қара алтын» қорының аузын ашады. Жоспар бойынша бұл айтулы кезең 2003 жылы жүзеге асуы керек еді. Сегіз жылға ке­шіккен жоспардың кеш болса да жүзеге аса бастағанына тәубе келтіреміз. Өйткені Қашаған жобасының жүзеге асырыла­­тынына күмән келтірушілер де, оған зор үміт артушылар да жетіп ар­тыл­ды. Әркім әр­түр­лі пікір айтты, жұрт­тың басы ай­на­лып, қайсысына сенерін де білмей, абдыра­ған кездер де болды.

2000 жылы ашылған кеніш араға 13 жыл салып, өзінің жемісін бергелі отыр. Яғни Д аралы теңіз қойнауындағы «қара алтын» қорының аузын ашады. Жоспар бойынша бұл айтулы кезең 2003 жылы жүзеге асуы керек еді. Сегіз жылға ке­шіккен жоспардың кеш болса да жүзеге аса бастағанына тәубе келтіреміз. Өйткені Қашаған жобасының жүзеге асырыла­­тынына күмән келтірушілер де, оған зор үміт артушылар да жетіп ар­тыл­ды. Әркім әр­түр­лі пікір айтты, жұрт­тың басы ай­на­лып, қайсысына сенерін де білмей, абдыра­ған кездер де болды.

1969 жылы Аляскада «Прудо-Бей» мұнай кен орыны ашылып, енді жер қойнауында мұндай ірі кеніш жоқ шы­­ғар деген байлам жасалыпты. Ғалымдар­­дың бұл пікірін біздің елімізде Каспий те­ңізінің түбінен табылған Қашаған кен орны жоққа шығарды. Аляскадағы соң­ғы алып кеніштен кейін ашылған Қаша­ған бүкіл әлем назарын өзіне ау­дарғаны мәлім. Жобаны басқарушылар алғашқы кезде өздерін мол батпан құйрыққа ке­зіккендей сезініп, төбелері көкке екі елі ғана жетпей жүрді. Әйтсе де табиғат-ана олардың теңіз түбіндегі мол байлықты оп-оңай ала қоюына бар ке­дергілерді жасап қойған екен. Ұйым­дастыру ба­рысындағы күрмеуі қиын күрделіліктер, барлау шығынының үнемі өсіп отыруы, өнім өндіру кезеңін кейін шегере беру секілді жүйкеге салмақ түсіретін сәттер көп болды.
North Caspian Operating Company (NCOC) өкілдері алғашқы мұнайды 2013 жылы беретінін мәлімдей отырып, оның қай айда жүзеге асатынын әлі де ашық айтуға батпай отырған сыңай танытты. Елі­міздің Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаевтың болжамы бойынша, айту­лы сәт алдағы жылдың наурыз айында жүзеге асады. Астана кеніштегі бірінші өндірілген мұнай Қазақстанды (қоры әлемдегі барлық дүниежүзілік мұнай қорының 3 пайызын құрайтын) әлемдегі жетекші 10 мұнай өндіруші мемлекет қатарына қо­сады деген үміт­те. Қазіргі кезде еліміз бұл тізімнің 18-ші қатарында тұр.
Кеніш көлемі 75 шақырым да 45 ша­қырымды құрайтынын айтады NCOC жоспарлау жөніндегі директоры Ален Гино. Оның қоры 35 млрд баррель мұ­найды құрайды екен. Консорциум оның нақты 8-12 млрд баррелін алуға болады деп бағалауда. Қашаған қоры әлем ба­сын айналдыруда. Себебі жер қой­на­уын­дағы байлықтың көзі таусы­ла бастады, бар болса, өндірілуі тым күрделі аймақ­тарда орналасқан. Ми батпақ саз бен ит тұмсығы өтпейтін қалың жы­ныс арасын­да. Са­лыстырмалы түрде Қаша­ған осылар­­дың қатарында Құдайдың өзі сыйлай сал­­ған үлкен байлық болып тұрған сы­ңайлы.
Әйтсе де Қашаған кенішіндегі мұ­найға қол жеткізу жеті фирмадан (ExxonMobil, Shell, Total, Eni және «Қаз­МұнайГаз» (бұлардың әрқайсысына акцияның 16,85 пайызы тиесілі), «Қаз­МұнайГаз» қазақстандық мұнай-энер­гетикалық компаниясы (бұлардың әрқайсысына 16,85 пайыз акция тиесілі), ConocoPhillips (8,49 пайыз) және жа­пондық INPEX фирмасы - (7,56 пайыз) құрылған консорциум үшін тым ауыр болды. Қашаған олардың алдына үнемі ұйымдастыру жұмыстарының тым соқ­пақты жолдарын тарта берді, Каспий теңізінің үлкен су жолдарына шыға ал­майтын тұйық теңіз болғаны да жұ­мыс­ты қиындата түсті. Ауа райы да өзінің дегенін істеп бақты.
Қашағанның мұнайы теңіздің тү­бінен төрт шақырым тереңдікте ор­на­ласып, жылдың бес айында құрсаған мұз астында жатады екен. Қыс айларында мұндағы суық 30 градустан төмендемейді. Теңіздің оңтүстігінде орналасқан Бау­тино пор­тынан мұзжарғыш тек 36 сағат­та әрең жетеді. Жедел қимылдауға құр­саған мұз жол бермейді.
Ал қоғам Қашағанның өнімін қашан көреміз деп дегбірсізденді. Тым ұзақ­қа созылып кеткен жобаны ұйымдасты­ру­шылардың арасында да толқулар болмай қойған жоқ. Жұмыс істелген сайын қа­жетті қаражаттың да көлемі өсе түс­кені, «Біз осы жобаны босқа бастаған жоқ­пыз ба?» деген түйткіл ойларға да жет­елегені белгілі.
Жоба бойынша о баста белгіленген
57 млрд доллар қаражат 136 млрд дол­ларға дейін өсіп шыға келді. Бүгінде оның көлемі 187 млрд долларға жетіп қалды деген мәліметтер де бар. NCOC кон­сор­циумы әзірше өз шығынын жария еткісі келмейді.
Оптимистік көзқарас бойынша Қашаған өнім алуға дайындалуда, бірақ оны алда әлі де талай сынақтардың кү­тіп тұрғаны анық. Алғашқы кезеңде ке­ніш күніне 370 мың баррель мұнай бере­ді деген болжам бар. Әрине, бұл алғаш­қы кезеңде ғана. Жалпы, Қашағанның болашағы зор.

Алма МҰХАМЕДЖАНОВА

"Айқын" газеті

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371