Сенбі, 23 Қараша 2024
Арылу 3115 9 пікір 13 Мамыр, 2022 сағат 14:45

Шаруалар: Үкіметтің отставкасын талап етеміз!

Белгілі саясатшы, кәсіркер Алмасбек Садырбаев мырза жетекшілік ететін «Шопан-ата» агро-қозғалысы ҚР Үкіметінің отставкаға кетуін талап етіпті.

Ол: «Ескі Үкіметпен Жаңа Қаазақстанды құру мүмкін емес», дейді. Сонымен қатар, Үкіметтің шаруалар мәселесіне келгенде әрекетсіздігін сынап, ҚР Ауыл шаруашылық министр Ербол Қарашөкеев пен вице-премьер Роман Склярға шүйліккен.

Біз Алмасбек Садырбаев мырза бастаған топтың талабын оқырман талқысына ұсынамыз...


«Үкіметтің отставкасын талап етеміз!

Ескі Үкіметпен Жаңа Қазақстанды құру мүмкін емес. Құртуы әбден мүмкін! Шаруалар наразы.

«Қаралы қаңтар» айынан бері өзгермек түгілі, әрекет жасамаған Үкімет бізге керек емес деген шешімге келдік.

Әлихан Смаиловты сыйлағаннан жеке өзім де, шаруалар да мүмкіндігінше шыдадық. Бірақ, амал жоқ. Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі одан да қымбат, маған.

1. Саланы білмейтін Ауыл шаруашылығы министрі Е. Қарашөкеевтен әбден шаршадық. Жеке өз мүддесіне ғана жұмыс жасайтын, КазАгроның былығынан шыққан, сүлік сияқты тайғақ министр бізге керек емес.

2. Вице-министр Скляр деген адаммен бүгінде, кішкене баланы қорқытатын жағдайға жеттік. Байлардың және олигополияның мүддесін қорғаған бұндай шенеунікті 30 жыл бойы көрмеген едік.

Менің де артымда жауап сұрайтын елім бар. Ары қарай бірігіп жұмыс жасай алмаспыз. Енді біз толық бұл Үкімет мүшелерімен конфронтациядамыз. Бүкіл өңірлердегі шаруалар көтеріледі.

Мәдениетті және ұйымдастырылған алаңдарда шаруалармен кездесуге және жұмыс жүргізуге жарамаған Үкімет, ұйымдаспаған, улап-шулаған тобырмен кездесуге тура келеді. Конструктив болмағаны өкінішті...», - деп жазды «Шопан-ата» агро-қозғалысы төрағасы Алмасбек Садырбаев.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475