Сенбі, 26 Қыркүйек 2026
3726 0 пікір 16 Мамыр, 2022 сағат 12:46

G7 жиыны: Қытай Ресейге көмектеспеуі керек

14 мамырда G7 Германиядағы үш күндік кездесудің қорытындысын жариялады.

Экономикасы дамыған елдер тобы - "Үлкен жетілік" Қытайды Украина егемендігін қолдауға, Ресейге көмектеспеуге шақырды. Бұған қоса, топ Мәскеудің Киевке қарсы себепсіз соғыс ашуы бүкіл әлемге қауіп төндіріп, азық-түлік және энергетика дағдарысын тудыратынын ескертті.

"Үлкен жетілік" Ресейдің одақтасы Беларусь билігін де Мәскеудің әскери қимылдарын "қолдауды" доғаруға, "халықаралық міндеттерін орындауға" шақырды.

G7 тобына АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Франция, Германия, Италия және Жапония кіреді. Топ Ресейдің Украинада басып алған астық қоймаларын азат ету керектігін мәлімдеді. Сол себепті Украина астық экспорттай алмай отыр. Мұндай жағдай азық-түлік дағдарысын тереңдетуі мүмкін.

Мәліметтерге қарағанда, Украина 25 миллион тонна астықты шетелге шығара алмай отыр. Соның салдарынан Таяу Шығыс және Африка елдері нансыз қалуы мүмкін.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1497
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3112
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1105
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1033