Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2583 0 пікір 7 Қараша, 2012 сағат 12:58

Бақташы болғың келсе, АҚШ-қа барып оқып кел

Associated Press-ке берген сұхбатында Солтүстiк Дакотаның сауда офисiнiң атқарушы директоры Дин Гордердiң осы аймақтың сиырлары Қазақстанның суық климатына үйренгенiн айтыпты. Бiрақ қазақ бақташылары оларды бағудың ретiн бiлмейтiн көрiнедi. Сол себептi ендi бiздiң бақташылар АҚШ-қа барып, сиыр бағудың сырын меңгерiп, кәсiби бiлiктiлiгiн арттырып қайтады екен. 12 қазақстандық бақташы Солтүстiк Дакотаға мал бағуды үйренуге екi апталық оқуға барады.

Сонымен қатар Д.Гордер қа­зақ­стандық шенеунiктерге iрi қара малдың тойымды тамақтануы ке­регiн тағы да ескерттi. Салмақ қосу жағынан артта қалған қазақстандық сиырлар құнарлы жем-шөппен қамтамасыз етiлмеген. Осындай түйiн жасаған Дин мырза өз ұсынысының қолдау табарына сенiмдi.

Онсыз да талай рет күлкiге қалған қазақ ауыл шаруашылығы ми­нистрлiгi ендi сайқымазақ мекемеге айналып бара жатқандай. Се­бебi - күтiмi белгiсiз шетелдiк сиыр­ларды елге әкелген осы ми­нистрлiк болатын. Жұртты да, өзiмiздi де етке қарық етемiз деп жүрiп сырттан келген сиырдың жем-шөбiн жарытпағаны тағы бар. Ендi мiне, мал бағудың қыр-сырын қазекем Америкада арнайы оқып, үйренiп қайтуы керек екен.

Бiздiң шопандар мен бақташылар неге мал бағуды шетелден үй­ренуi керек? Қолынан таяғы түспей, кез келген түлiктiң сырын түгел меңгерген қазекемдi мал бағуға үйретпек болғандардың мұнысын ғажап деймiз бе, мазақ деймiз бе? Қалай десек те, келесi айдан бастап шетелдiк малдың бабын тауып, төлдету сияқты мәселе­лердi меңгеру үшiн қазақстандық малшылар АҚШ-қа барып, арнайы курстан өтiп, қолына сертификат алып қайтуға тиiс. Бұған қанша шығын жұмсалып, оны кiм төлейтiнi әзiрге белгiсiз. Өткен аптада мемлекеттiк БАҚ павлодарлық шаруаның интернетпен сиыр жайып жүргенiн жарыса жарнамалағаны бар. Қазақ шаруаларын АҚШ-та оқыту идеясы да осындайлардан туған сияқты. Әлгi бақташы сиырларының мойнына спутник арқылы анықтайтын құрыл­ғы орнатып, үйде отырып малдарының қайда жүргенiн бiлетiнiн, мұндай әдiспен ұры-қарыдан да сақтануға болатынын айтқан едi. Бес мың теңгелiк құрылғыға қызыққандар аз емес, әрине. Алайда жем-шөбiн толық қамтамасыз ете алмай отырған шаруаның әр сиырына шетелдiк қоңырау тағуға, АҚШ-қа барып оқуға шамасы келер ме екен?

Артықбай СӘРСЕНҰЛЫ, бақташы:

- Сиыр бағып күнелткенiме биыл отыз жыл болды. Бiрақ осыған дейiн мұндай мазақы жаңалықты естiмеген шығармын. Шетелдiк малдың бабы үшiн шетелде оқыту - бiздiң министрлiкке кезектi ақша шашу науқанын бастайды деп қабылдаймын. Қора-қопсысы қи­рап, жайылымы тарылған сиырға АҚШ-та оқып келiп бақташы бол­ғаның не керек? Осының көк тиындық пайдасы жоғын министр­лiк­тегiлер мен басқалары бiлсе де, бiлмегенсидi. Әйтпесе, өзiмiзде бар iрiлi-ұсақ малдың санын кө­бейтiп, отандық ет өнiмдерiн экс­портқа шығармас па едi. Ал бiздiң шенеунiктер шетелден мал әкелiп соның бабын таппай әлек. Әлгi интернет арқылы мал қайыру да әлдекiмнiң қалтасын толтыру үшiн жасалған жарнама деп ойлаймын. Ешқандай спутниксiз де осы уақыт­қа дейiн қара таяқпен мал қайырып едiк. Ендi бес мыңдап дабыл қоңырауын сатып алсақ, же­тiскен екенбiз. Сол ақшаға сиыр­ларымның қорасын жаңалап, шөбiн молырақ етiп түсiрмеймiн бе?...

Сапарғали ҮСЕНБЕКОВ, бақташы:

- Ауыл шаруашылығы минист­р­лiгiн Асылжан Мамытбеков басқарғалы берi мұндай қы­зықтың талайына куә болдық қой. Өзiмiздi былай қойып, өзгелердi етпен қарық қыламыз деп ауызды айға бiлеп едi министр. Ол айтқан мер­зiм де жақындап қалды. Әйтсе де, елiмiз шетелден ет тасуын үдетпесе, азайтпады. Оның се­бебi бел­гiлi ғой, отандық мал шаруашылығы құлдырап, құрудың алдында тұр. Ендi келiп АҚШ-та мал бағудың қыр-сырын оқытса, ше­телдiктерге дайын анекдотқа айналатын шығармыз. Атадан балаға жалғасқан кәсiптiң негiзгiсi мал бағу болған қазаққа американдықтар ненi оқытып, үйрететiнi түсiнiксiз. Егер әлгi сертификатымыз болмаса, бiз сияқтыларға мал бақтырмайтын шығар. Солай болып жатса, таңғалмаймын. Бiзде осындай түкке тұрғысыз нәрселерден ақша табуды кәсiп еткен шенеунiктер көп қой. Бәлкiм, "Болашақ" бағдарламасына мал бағу мамандығын қосып, арнайы дипломды бақташыларды жасақтар. Қалай десек те, адамның күлкiсiн келтiретiн бұл бастаманың баянсыз екенiне дау жоқ.

Меруерт ХУСАИНОВА

«Жас Алаш» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5478