Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2707 0 пікір 7 Қараша, 2012 сағат 13:06

Тәуелсiздiк алғанына өкiнгендер ескi одақтан ажырағысы келмейдi

Бiр ғасырға жуық мыңдаған халықтарды ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстап, жүздеген ұлттардың жойылуына себеп болған Кеңес одағының қабырғасы сөгiле бастағанда, одақтың ыдырауына Қазақстан тарапы бiрден қарсылық бiлдiрiп, оның соңына дейiн тұрғаны бәрiнiң есiнде. 1991 жылы "тамыз лаңы" елдiң үрейiн ұшырғанда да әлiптiң артын бағып қал­ған бiз едiк. Сол жылы Асқар Ақаев бiрден "тамыз лаңын" сын садағына iлiп, Жогорку Кенешпен бiрiгiп, Қырғыз тәуелсiздiгiн жариялап жiберген едi. Одан кейiнгi Ақаевтың тағдыры белгiлi. "Ақаевтар кланының" басында жүрiп, ел экономикасына да, саяси жағдайына да ықпал етiп, ақыры тағынан айырылып, елден қашып тынды. Ендi сол Ақаевтың "еуразияшыл" бола қалған түрi бар...

Өткен аптада Ресейдiң солтүстiк астанасы Санкт-Петерборда Асқар Ақаевтың "Евразийские перспективы возрождения России" атты кiтабы жарық көрдi. Бұған дейiн ол төнiп келе жатқан жаһандық дағдарыстың уақытын дәл болжап, әлем алдында едәуiр абырой жиып алған. Саяси позициясынан гөрi, ғалымдық дәрежесiн қалпына келтiре түскен. Қазiргi кезде Ресейдегi Еуразиялық идеяны насихаттаушы бiрқатар ақпарат құралдары Ақаевтың кiтабын жарнамалауға көше бастады. Оған қазақ ақпарат құралдары үнсiз қалса, ресейлiктер дабырлап қоятын емес.

Елден қашқан адамның қадiрi қала ма? Әсiресе, өзiнiң есерсоқтығынан мәж­бүрлеп қуып шықса. Қырғыз шекарасынан бiржолата та­йып тұрған экс-басшы өзiнiң кiтабында еуразиялық идеяны мақтап, тiптi Кеңес одағын да ақтап алуға тырысыпты. Ол да басқалар сияқты одақтың тарап кетуiн ХХ ғасырдағы ең үлкен геосаяси апат деп бағалаған. Расында, объективтi қарасақ, алып империяның шашырауы, басқыншы ұлттың бұратана ұлттарды уысынан шығарып алуы белгiлi бiр дәрежеде қасiрет болуы мүмкiн. Әрине, басқа ұлттың емес, дәл сол отарлаушы ұлттың басына түскен үлкен қасiрет! Ал Ақаевтың мына сөзiн қалай түсiнемiз? Ол КСРО туралы былай дейдi: "Бұл (КСРО - Д.Ү.) күшпен құрылған, құрамындағы халықтарды мәжбүрлi түрде, зорлықпен ұстап тұрған империя болған емес".

Ғалым екенмiн деп шарықтай берудiң қажетi жоқ шығар. Кеңес одағынан ең қатты тепкiлiк, зәбiр көрген - қазақ пен қырғыз. Қазiргi кезде Орта Азиядағы ең космополит елдер кiмдер? Ең алдымен - қазақ, екiншi - қырғыз. Бұл ненiң салдары? Кеңес одағы жүргiзген ұлтты жою саясатының салдары! Осыны Ақаев есiнен шығарып алса керек. Сон­дай­-ақ,­ ол Лев Гумилевтiң идеясын бұрынғы КСРО аумағында жүзеге асыру керектiгiн де жазыпты. Лев Гумилев идея­сының тұғырнамасы қандай? Ол - неоеуразияшылдық. Ал оны кейбiр орыстың ғалым-философтары "орыс еуразиясы" деп атайды. Яғни, түрлi этностарды бiрiктiре келе, бiрыңғай мемлекет жүйесiне көшу. Л.Гу­милевтiң көшпендiлер өрке­ниетiнiң сырын ашуын, еуразия даласының тарихын зерттеуiн, оның жалпы тарих үшiн жасаған еңбектерiн жоққа шығара алмаймыз. Алайда, ұлттың сақталып қалуы - басты әрi негiзгi шарт. Егер Гумилев ұсынған "пассионарлы этногенез тео­риясын" еуразия даласы төңiре­гiнде қолдансақ, ұлт болып қалу-қалмауымыз екiталай емес пе?

Ақаевтың кейбiр сөз­дерiнен "Ресей - еуразия өркениетiнiң тiрегi" деген қисынды аңғару қиын емес. Және мультимәдениет қоға­мын да барынша насихаттауға тырысқаны көрiнiп-ақ тұр. Мультимәдениет - түрлi мәдениеттердiң қоспасынан ұйыған дүбәралар ортасы екенi аян. Еуропа елдерiнiң өзi қазiргi уақытта мультимәдениеттен бас тартып, ұлттық болмыстарын сақ­тау­дың қамын ойластыруда. Мұны соңғы уақыттағы Германияның, Латвияның және басқа да елдердiң әрекет­терiнен анық байқаймыз. Тiптi Францияның бұрынғы басшысы Николя Сарко­зидiң өзi мультимә­дениеттiң орнауын үлкен қауiпке теңеген.

Ал Қазақстан болса, "мультиөркениеттiң" орталығына айналғалы қашан. Тiптi қазақ елiн моноұлтты деп атай алмай, жалған ұранмен "Қазақстан көп­ұлтты мемлекет" деген саясат тынбай жүргiзiлiп келедi. Яғни, бұл "Қазақстан - мультимәдениет қалыптас­қан ел" дегендi бiлдiредi. Мұндай идеологиядан не таптық? Ұлтты құрдымға кетiру мен мәңгүрт атанғаннан басқа. Осындай саясаттың кесiрiнен өз тiлiмiзден, дiлiмiзден, дiнiмiзден безiнiп кеткен жоқпыз ба? Ал Ақаевтың сөздерi мұндайды одан әрi қоздыра түсерi анық. Ол күндердiң күнiнде Еуразия идеясының iске асып, халықтардың бiрiгетi­нiне үлкен сенiммен қарайтынын жеткiзiп: "Ресейдi бiзге Құдай мен тарих берген" деп ағынан жарылыпты. Қазақта "Құдай қосқан көршi" деген сөз бар. Жарайды, Ресейдi бiзге Құдай берген шығар, ал Орта Азия халықтарына ауыртпалықты, қиянатты, ашаршылықты кiм бердi? Құдай ма?

Сонымен қатар Ресейдiң болашағы Еуразиялық одақта екенiн нық әрi анық айтқан ол одақтың бастамасы Путиннiң мақаласынан нәр алатынын болжап сәуегей­сiптi. Ол Путиннiң осыдан бiр жыл бұрын жариялаған "Еуразияның жаңа интеграциялық жобасы - бүгiннен басталатын болашақ" деген мақаласын меңзеп отыр. Ақаевтың ойынша, Еуразия­лық одақтың құрылуы - халықтардың өкiнiшiне берiл­ген жауап әрi тарихи заңдылық. Оның "халық өкiнiшi" деген тiркесiн түсiну қиындау, әрине. Тәуелсiздiк ал­ған халықтардың "өкiнгенiн" көрiп пе едiңiз? Қарап отырып, Ақаевтың аузына бiреу салып берген сөздер ме деп қаласың. Ресейдiң ана шетi мен мына шетiнде тайраңдап жүргенi үшiн экс-прези­денттiң орыс халқына және Путинге берген ақысы шығар, бәлкiм. Ал бiрақ оның бүкiл еуразия халықтарының атынан сөйлеуге ешқандай хақысы жоқ. Еуразия даласының ұлан-ғайыр бөлiгiн қазақ жерi алып жатыр. Ал қазақтардың "еуразиялық" идеяны желеу етiп, орысқа жұтылып кеткiсi жоқ.

Думан ҮСЕНХАН

«Жас Алаш» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475