Алаш өкіметінің 95 жылдығы атаусыз қалады ма?
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрі
С.Н. Ахметовке
Депутаттық сауал
Құрметті Серік Нығметұлы!
Биылғы желтоқсанда Алаш партиясы мен Алашорда өкіметінің құрылғанына 95 жыл толады. Ал Алаш идеясын жаңғырту - «Ақ жол» партиясының басты бағыттарының бірі болып табылады. Өйткені Алаш арманы - бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан! Ендеше біз, әрбір азамат осы жүз жыл бұрынғы ұлттық ұлы идеялардың бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның да негізі ретінде берік орнығуына мүдделі болуға тиіспіз. Алаш идеясы - ұлттық идеология! Ол отаншылдыққа, мемлекетшілдікке, бірлікке үндейді.
Озық ойлы қазақ зиялылары 1917 жылы 21 мен 26 шілде аралығында Орынборда І «Жалпықазақ» съезін өткізді. Осы құрылтайда қазақ елінің мүддесін қорғайтын «Алашорда» үкіметі құрылды.
Қазақ тарихында Алаш идеясы, Алаш қозғалысы, Алаш автономиясы әлі де бағасын ала алмай келеді. Алаштың алғашқы астанасы Орынборда өткен бұл құрылтайдың Қазақ тарихындағы маңызы аса зор. Ел тағдыры таразыға түскен сын сағатта Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Жаһанша, Халел Досмұхамедовтер бастаған ұлт зиялылары қазақтың болашағы үшін шешуші қадам жасап, ұлы мұрат жолында қайрат көрсетті.

1917 ж. желтоқсанның 5-13 Орынборда 2-ші бүкіл қазақ құрылтайы өткізілді.
Құрылтайдың күн тәртібіне 10 мәселе қойылды. Олардың ішіндегі ең негізгілері: қазақ-қырғыз автономиясын жариялау, милиция һәм Ұлт кеңесін (Үкімет) құру мәселелері болды.
Құрылтай делегаттары Уақытша үкімет құлатылғаннан кейін қазақтардың өмір сүруінің өзін күрделендіріп жіберген анархия (тәртіпсіздік) жағдайында елді аман сақтау үшін, «уақытша Ұлт Кеңесі» түріндегі берік билік құру, оған «Алаш Орда» деген атау беру (төрағасы Ә. Бөкейханов, Ұлт Кеңесі құрамына 25 адам кірді), сондай-ақ милиция жасақтау туралы қаулы қабылдады. Алаш астанасы - Семей қаласы ,кейін Алаш-қала атанды.
Қазақ халқының 20 ғасыр басындағы ең ауыр кезеңінде, толыққанды саяси партия мен үкімет құрып, елді құрып кетуден аман алып қалып, болашаққа бастаған алаштықтардың еңбегі орасан. Біреуін ғана, ең бастысын айтсақ, 1920 жылы қазақтың Жер декреті бекітіліп, шекарамыз алғаш заңды күшіне ие болды.
Алаш партиясының басты бес бағыты: 1. Жерге ең алдымен қазақ ие болу керек. 2. Жердің асты-үстіңгі байлығын қазақ пайдалануы керек. 3 Өз өнімін өзі өндіретін ұлттық экономика құруы қажет. 4. Қазақ тілінің мемлекеттілігі, діні мен ділінің үстемдігі керек. 5. Білімнің дамуы керек, міне осы бес бағыт бір ғасырдан кейін, бүгін де өте өзекті болып отыр.
Осы орайда Алаш көсемдері Ахмет Байтұрсынов пен Әлихан Бөкейхановтың сөздерінен екі-ақ мысал келтіре кетейік. Ахмет Байтұрсынов «Біз бай, білімді, әрі күшті болуымыз керек. Бай болу үшін -кәсіп, білімді болу үшін - оқу керек. Ал күшті болу үшін -Бірлік керек» дейді. Бай болуы - кәсіп, білімді болуы -оқу, яғни зиялылық болса, осы екі басты бағыты біздің «Ақ жол» партиясының қос қанаты болып келеді. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы бағдарламасында «Барлық қабылданатын шешімдер егжей-тегжейлі есептеліп, әлемдік тәжірибені оқып-үйрену негізінде ғылыми дәлелденген ұтымдылық қаперге алына отырып қабылдануы тиіс» деген кәсібилік қағидатын ұсынды. Ал біздің еліміздің күшті болуына бастайтын Бірлікті Елбасымыз Тәуелсіз Қазақстанның басты тірегі ретіндегі темірқазық бағыт етіп ұстанып, оны бүкіл қазақстандықтар қолдап отырғанын бәріміз мақтан етеміз.
Ал Алашорда үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейханов «қазақтың қойының жүні тоқылып, үстіне киім болып, әрбір темірі өзіне түйме болуы тиіс» деп, нарықтық экономикаға негізделген мемлекет қана өркендейді дейді. Жапонияның ұлттық экономикаға баса назар аударғаннан бастап, күрт дамып кеткенін үлгі етеді ол. Бұл арманын да бүгінгі Қазақстан бейнесінен көруге тиіспіз.
Ендеше біз бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның бастауында тұрған, елімізді алғаш ұлттық санаға көтерген Алаш арыстарын ардақтауды неге кешіктірудеміз.
Алаш арыстарының рухын жас ұрпаққа сіңіру үшін, бұған мемлекет кешенді түрде келіп, баса назар аударуы тиіс. Алаштың 90 жылдығы жергілікті деңгейде ғана аталды. Ал алдағы 95 жылдықты үкіметіміз қалай атап өткелі отыр? Өйткені Алаш жеке ұйымның немесе жеке партияның ғана меншігі емес, Алаш - бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның бастауында тұрған алғашқы толыққанды үкімет пен саяси партия.
Біріншіден, ең алдымен мектеп оқулықтарында жеткілікті көлем берілуі керек. Ал қазір «Қазақстан тарихы» оқулығында Алаш туралы дерек бар болғаны бір жарым бет қана. Бұл ешқандай елде болмайтын келеңсіздік. Әрбір қалада олардың ескерткіштері орнатылуы тиіс. Кітаптар мен фильмдер көптеп шығарылып, мектептерді қамтамасыз етуі керек. Жоғары оқу орындарында Алаш идеясын оқыту жүйеге айналуы керек. Алаш оқулары жолға қойылып, еліміз бойынша қанат жаюы тиіс. Алаш мұрасы мен тарихы туралы кітаптар мемлекеттік тапсырыспен шығарылуы тиіс.
Алаштың ордасы болып, Алашқала аталған қазіргі Семейдегі Ертіс өзенінің сол жағалауындағы Алашорда үкіметі мен Алаш партиясы тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылып, ол үйді мұражайға айналдыру кезек күттірмейтін мәні зор мәселе.
«Ақ жол» партиясы Алаш қозғалысының 95 жылдығына орай «ХХI ғасырда Қазақстан қоғамын жаңғыртудағы «Алаш» қозғалысы идеяларының өзектілігі» тақырыбында конференция өткізу туралы шешім қабылдады. Конференция осы жылдың қараша айында Астана қаласында өткізілмек. Онда Алаш туралы ғылыми еңбектерге бәйге жариялауды жоспарлаудамыз.
Қорыта айтқанда, Алаш идеясы - бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның да басты идеяларының бірі болуы тиіс.
Баяндалған мәселелерге байланысты, алдағы Алаштың 95 жылдығын үкіметіміз қалай атап өткелі отырғаны туралы хабарлауыңызды сұраймыз.
Құрметпен,
Қазақстан Республикасы
Парламенті Мәжілісінің
«Ақжол» ҚДП депутаттық фракциясы А.Перуашев
Е.Никитинская
М.Қазбекова
А. Әбілдаев
С.Сәрсенов
А.Тұртаев
Н. Жазылбеков
Т.Ерғалиев
«Abai.kz»