Жұма, 11 Қазан 2024
2148 0 пікір 23 Мамыр, 2022 сағат 14:15

Шымкенттегі жарылыстан 3 адам қаза тапты

Шымкентте дәріханада болған жарылыстан қаза тапқандар саны 3 адамға жетті. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

"Қайғылы оқиғадан 1979 жылғы Б. есімді күзетші, 1980 жылғы Ш. есімді жұмысшы және туғанына 18 күн болған бір нәресте опат болды. Одан бөлек, сегіз адам зардап шекті, олар қаланың медицина мекемелеріне жатқызылды", - деді министрлік.

21 мамырда Шымкентте перзентхана маңында орналасқан дәріханада жарылыс болып, ғимараттың күл-талқаны шыққан.  Бастапқы мәлімет бойынша бір адамның қаза болғаны жарияланған еді. Жарылыс болған жерден адамдар қауіпсіз орынға эвакуацияланған. Шымкент қаласы полиция депортаментінің мәлімдеуінше, жарылысқа ауада көп мөлшерде газдың  жиналуы себеп болуы мүмкін.

Abai.kz

0 пікір