Жұма, 11 Қазан 2024
2152 1 пікір 23 Мамыр, 2022 сағат 14:57

Елімізге АҚШ делегациясы келеді

«23-27 мамыр аралығында АҚШ әкімшілігінің ведомствоаралық делегациясы Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдеріне сапарлайды»,- деп хабарлайды АҚШ мемлекеттік департаменті.

АҚШ-тың Орталық Азия өңірімен өзара қарым-қатынасын нығайту мақсатын көздеген делегацияны Мемлекеттік хатшының Оңтүстік және Орталық Азия істері бойынша көмекшісі Дональд Лу басқарады.

Америкалық делегация Қазақстандағы реформалар бағдарламасын, адам құқықтарын қорғауды күшейту және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, азық-түлік қауіпсіздігі, Ауғанстаннан келген босқындарға көмек көрсету жөніндегі мәселелерді талқылау үшін жоғары лауазымды шенеуніктермен және азаматтық қоғам көшбасшыларымен кездеседі.

 

Abai.kz

1 пікір