Алжирдiң аяғын құшпайық
ҚАЗБА БАЙЛЫҚТЫҢ ҚЫЗЫҒЫН КӨРГЕНДЕР ҰРПАҚТЫ ОЙЛАП ҚАЙТСIН?
Қазба байлықтарының көлемi жағынан Қазақстан әлемдегi ең бай мемлекеттердiң бiрi. Баспасөзде жарияланған деректерге сүйенсек, қорғасын, мырыш, барий, хром рудаларының көптiгi жағынан бiз бүкiл әлемде бiрiншi орындамыз. Уран, марганец, күмiстен екiншi орын, мыс қорының молдығынан үшiншi, кобальт қара металл темiр рудаларынан бесiншi орын, фосфорит пен көмiр қоры бойынша алтыншы, мұнай қорының көптiгi жағынан жетiншi орында екенбiз. Алтыннан әлденеше қымбатқа бағаланатын, әлемнiң ешбiр елiнде кездеспейтiн осми және рени атты элементтер тек Қазақстанда ғана бар. Бұл руданың бiр грамы жабық көтерме сауда орындарында 100 мың АҚШ долларына бағаланатын көрiнедi. Сонымен қатар әлемде жер көлемi жағынан 9-орын, ал жердi әр адам бойынша шаққанда 3-орын алады екенбiз. Мiне, Қазақстан - баршаның қызығушылығын туғызып, ұлан-асыр байлығына өзгелердi ынтық еткен бай мемлекет. Шетелдiк инвесторлардың қазақ жерiне ат басын тiреп, айналсоқтап шықпай жүргенi тегiн емес. Олардың құлқынын құртып отырған - бiздiң жерiмiздегi кең байлық. Сонымен несiн айтасыз, қазiр мұнайымыз бен металымыз т.б пайдалы қазбалар Қазақстандық экспортты дүниежүзiлiк деңгейде дүркiретiп тұр. Бiрақ ол байлық та таусылатын күн тумай ма?

20-30 жылдан кейiнгi ұрпақ тағдыры кiмдi ойландырады. Мәселен, АҚШ өз жерiнде мол мұнай қоры бола тұра, жылына 500 млн. тонна мұнайды неге сырттан алады? Алдымен олар Мексика мұнайына, қасындағы Канадаға, сонан кейiн Чили мен Аргентинаға ауыз сала бастады. Ендi айналып келiп жер шарының арғы бетiндегi Қазақстанның мұнайына қол салуға кiрiстi. Бiз секiлдi жерасты байлығы мол дамушы елге қаржы кұйып, өнiмдерiн тасып жатқанында үлкен мән бар емес пе.
Себебi ендi аздаған жылдар көлемiнде дүние жүзiнде мұнайдың сарқылу қаупi бар. Сондықтан да әлемдегi алпауыт елдер өз iшiндегi қазба байлықтарын сақтауға кiрiскен. Мәселен, Қытайда әлемдегi жер қойнауындағы кездесетiн металдардың 95 пайызы бар. Онысын шашауын шығармай сақтап, өзге елдерге сатудан бас тартқан. Болашағын ойлаған ел осылай iстейдi. Бiздер сияқты ақшаның шетiн көрcе бiттi, қолда бар байлықты түгелдей саудалап жiбермейдi олар. Егер бiздiң елдегi билiктегiлер өзiмiздегi қазба байлықтың болашақ ұрпаққа мирас етiп қалуын қаласа, ең болмағанда жаңа жоғарыда айтқан, әлемнiң ешбiр елiнде кездеспейтiн тек қана Қазақстанда ғана бар осми және рени атты элементтердi саудаламас едi. Әзiр тегiн байлыққа арқа сүйеп, күнелтiп отырған жағдайымыз бар. Қазақстанның байлығы бiткен кезде немiздi сатамыз? Мәселен, Алжирдi алайық. Негiзгi мұнай кен орындарында қара алтын таусылғанға дейiн бұл елде басқа постколониалды елдермен салыстырғанда анағұрлым ауқатты көрiнген. Ал қазiр мұнайы сарқылды, сөйтiп Алжир моральдық және саяси дағдарысқа ұшырады. Қазiргi кезде бiздiң соңғы байлығымыз қалды. Ол - бабалар аманаттаған ұлан - байтақ жерiмiз. Бiрақ жерiмiзден де айырылып қалатын қауiп төнiп келедi.
ЖЕРДIҢ АСТЫН ТАУЫССА, ҮСТIНЕН ДЕ ТҮК ҚАЛДЫРМАС
Кезiнде Қытайға миллион гектар жер берiледi деген сөздер бекер айтылмаса керек. Сол қытайлық компаниялар бiртiндеп бiздi жаулап келедi. Билiк Қытайға миллион гектар жердi елiмiздiң әр аймағынан бөлiп берiп жатыр. Үржарда, Алматы облысында т.б аймақтарда көбейiп бара жатқан қытайлар соның бiр айғағы. Қазiрдiң өзiнде Қытай қазақ мұнайының 24 пайызына иелiк етуде. Билiктегiлер бүкiл шикiзатты сыйға тартқаны былай тұрсын, дағдарыс кезiнде қытайдан қарыз алып, мемлекеттi жiпсiз байлады. Мәселен, Үндiстанның өзi сырттан келген шетелдiктерге бiр шаршы жер бермек түгiлi, керек десеңiз, кез келген өнеркәсiп саласын иемденуге жол бермейдi екен. Өйткенi олар ел экономикасында шетелдiк келiмсектердiң ықпалы күшейiп кетедi деп қауiптенедi. Тәуелсiздiк деген жалпы ұғымның негiзi - экономикалық тәуелсiздiк. Бәрiн өзгеге берiп қойсақ, бәрiн сырттан әкелсек, онда экономикалық тұрғыда бiз өзiмiздi тәуелсiз елмiз деп айта аламыз ба? Мәселен, бiр ғана мұнай мен газды алып көрелiк. Осынау мол байлықтың 7-10 пайызы ғана қазаққа тиесiлi екен. Кейбiр сарапшылардың тұжырымына қарағанда, шетелге кен мұнай орындарын игеруге беру жөнiндегi келiсiмшарттар шала-шарпы жасалғандықтан елiмiздiң пайдасынан гөрi шетелдiктердiң пайдасын күйттеу басым. Мысалы, Теңiз кенiшiндегi мемлекеттiң үлесi 10-ақ пайызды құрайды. Мұның өзi 2032-жылға дейiн жетедi (яғни таусылғанға дейiн шетелге толайым берiлдi деген сөз). Ал Қашаған мұнай кенiшiндегi (Қазақстанның үлесi 9 пайыздан төмен) және мұндай мысалдар аз емес. Сайып келгенде билiк пен шетелдiктердiң арасындағы жасалған келiсiмшарттар мен заңдардың шалағайлығынан және салық жеңiлдiктерiнiң салдарынан мемлекетiмiз миллиардтаған қыруар қаржыдан айырылып, шетелдiктердiң құлқынын толтыруда. Ойсырата опырған байлығымыз өзгеге бұйырып, өзгенiң аранына кетуде. Осы байлықтарымызды экономиканың басқа салаларын өркендетуге жұмсасақ болмас па едi.
МҰНАЙЫМЫЗ МҰҢҒА АЙНАЛЫП, ҚАЙЫРШЫНЫҢ КҮЙIН КЕШТIК
Өзбектер iшкi нарықтағы тауардың 75 пайызын өздерi шығарып отырса , ал бiзде iшкi нарықтағы өзiмiз шығаратын өнiм көлемi 16 -18 пайыз ғана. Кiмнiң тәуелсiз екенiн осыдан-ақ байқаңыз. Тәуелсiздiк алған жылдары шетелге кеткен табиғи ресурстардың құны 100 миллиард доллардан асып кеткен. ЮНЕСКО-ның есебiнша, әр адамға шаққанда 1 тонна мұнай шығаратын ел өзiн-өзi толық асырай алады. Ал бiздiң Қазақстанда әр адамға шаққанда 4 тонна мұнай, 1 тонна астық, 6 тонна көмiр және одан да көп түстi металлдан келедi. Бiрақ бiздiң халық бай мемлекетте тұрып жатқандай күн кешуде ме? Билiктегiлер еселеп есеп бергенiмен, халықтың тұрмыс тiршiлiгiмен мақтана алмайды.
Әуелi билiк тәуелсiздiктiң алғашқы жылдарында халықтың бүкiл жиған - тергенiн құнсыздандырды. Одан кейiн жекешелендiру басталды. Бұл реформаның өзi билiк басындағыларға халықтық меншiктi ұстата салған ең әдiлетсiз жекешелендiру болды. Алып металлургия комбинаттарының, iрi көлемдегi кен орындарының мұнайдың, газдың, металдың, мұнай - химия кешендерiнiң кiмге, қаншаға берiлгенiн жұрт бiледi. Сөйтiп бiр елдi асырап келген орасан зор байлық ат төбелiндей бiр топтың қолына өттi. Соның арқасында жеке бiр топ байып кеттi де, қалған жұрт кедейшiлiкке ұшырады. Бұның өзi қиратып, күйретуге ерiк берген билiк үшiн солай болуға тиiстi iстей көрiнедi. Қазiр соның бәрiн қайта қалпына келтiру қиынның қияметi.
Сондықтан қол қусырып қарап отырмай, болашақ үшiн күреске белсене кiрiсуге тиiспiз. Жалпыхалықтық референдумға барлығымыз бiрдей атсалысып, ел болашағын бiрге жасайық, ағайын.
Мұрат ӨТЕЛБАЙҰЛЫ,
Саудакент ауылы,
Сарысу ауданы,
Жамбыл облысы.
«Жас Алаш» газеті