Жексенбі, 29 Қыркүйек 2024
Билік 2416 1 пікір 26 Мамыр, 2022 сағат 13:38

Алматыда «Әл-Фараби - Иқбал» халықаралық форумы өтеді

2022 жылдың 27 мамыр күні Алматы қаласында Халықаралық Түркі академиясы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және     Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Ғылыми және техникалық ынтымақтастық жөніндегі тұрақты комитетінінің (COMSTECH) бірлесіп ұйымдастыруымен «Әл-Фараби - Иқбал» халықаралық форумы өтеді.

Форумның мақсаты Шығыс өркениеті аясында түркі және ислам әлемі халықтарының тарихи жады мен өркениеттік бірлігі жөніндегі сананың жаңғыруына ықпал ету, Түркі академиясы мен ИЫҰ-ға мүше елдердің азаматтарын өзара танысуға, бір-бірінің тарихы мен мәдениеті туралы білімдерін насихаттауға,  ИЫҰ елдерінің ғылым мен техника саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастығы арттыруға бағытталған.

Офлайн және онлайн форматта өтетін алқалы жиынға Түркі елдері мен ИЫҰ-ға мүше елдердің гуманитарлық сала ғалымдары, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, дипломатиялық және депутаттық корпусының өкілдері, сарапшылары қатысады.

Атап айтқанда Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, ИЫҰ Ғылым және технологиялар жөніндегі тұрақты комитетінің (COMSCTECH) Бас үйлестірушісі Иқбал Чаудхари, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Президенттің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Ержан Қазыхан, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы-ректоры Жансейіт Tүймебаев, ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары Қуаныш Ерғалиев, БҰҰ Даму Бағдарламасының Қазақстан Республикасындағы Тұрақты Өкілі Якуп Бериш, ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев, Ислам тарихы, өнер мен мәдениет ғылыми-зерттеу орталығының (IRCICA) Бас директоры Махмуд Эрол Клыч, Пәкістан Сенатының адам құқықтары жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Уалид Иқбал, Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ержан Қыстафин, Пәкістан Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Саджад Ахмед Сихар, Ислам ынтымақтастығы ұйымы Бас хатшысының ғылым және технологиялар жөніндегі көмекшісі Aсқар Mусинов сынды тұлғалар қатысып, сөз сөйлейді.

Конференция аясында Иқбал философиясы: өткені, бүгіні, болашағы; Иқбал философиясы мен поэзиясының жаһандық әсері; ХХІ ғасыр сын-қатерлері және технология  тақырыбы бойынша сессиялар өтеді.

Осы орайлы сәтте Сіздерге зор құрметімізді білдіріп, алқалы жиынымызға  ақпараттық қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз.

ЕСКЕРТПЕ:  шараға келетін  журналистер мен түсіру тобының тізімін (аккредитация үшін) бүгін сағат 18:00 дейін төмендегі кестеге толтырып,  +7 701 8111107 (WhatsApp) немесе itapressa@gmail.com поштасына жіберуді өтінеміз.

 

Abai.kz

1 пікір