Елбасымыздың G-global жобасы әлем назарында
Өткен аптада Канаданың Квебек қаласында Парламентаралық одақтың 127-ші Ассамблеясы болып өтті. Әлемнің 120 елінен жиналған 2000-нан астам делегат ядролық қарусыздану саласындағы жаңа бастамаларды, жаһандық әлемде ұлтаралық және конфессияаралық келісім, адам құқы мен бостандығын қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.
Қазақстан Президентінің халықаралық бастамалары да Ассамблеяға қатысушылар назарында болды.
- Біздерді сіздердің елдеріңіздің бейбітшілікті, келісім мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріндегі тәжірибелеріңіз өте қызықтырады. Өйткені, сіздердің Президенттеріңіз Нұрсұлтан Назарбаевтың, сондай-ақ оның, әсіресе, ұлтаралық үнқатысу ісі жөніндегі жаһандық бастамаларының арқасында Қазақстанды қазірде бүкіл әлем таниды, - деді қазақстандық делегаттарға ГФР Бундестагының төрағасы Норберт Ламмерт. - Және біз әрқашан сіздердің елдеріңіздің барлық ұсыныстарын қызығушылықпен зер сала бақылап отырамыз.
Осындай ұсыныстардың қатарында, Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірінше, әлем үшін дағдарысқа қарсы шешімдерді іздестірудің коммуникативтік алаңы болуға тиісті жаһандық экономиканың G-global жобасы да бар.

Әр елдің парламентарийлері Қазақстанның ұлтаралық және конфессияаралық үнқатысулар, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездерін өткізу жөніндегі тәжірибелері туралы кеңінен әңгімеледі. Олардың пікірінше, мұндай бастамалар аса жоғары деңгейде бағалауға лайық.
- Әлемдік діндер үшін Қазақстанда қалыптасқан ғажайып үнқатысу алаңы сіздердің елдеріңізге ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің үлгісі болуға мүмкіндік береді. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасының арқасында әлемдік және дәстүрлі діндердің барлық көшбасшылары бір үстелдің басына жиналып, бүкіл планетада бейбітшілікті сақтаудың жолдарын талқылайды. Мен мұндай бастамалар үлкен әлеуетке ие және олардың болашағы зор екеніне сенімдімін, - деді Канада Парламенті Сенатының спикері Ноэль Кинселла.
Парламентарийлер талқылаған тақырыптардың ішінде ядролық қарусыздануға ықпал етудің жаңа тетіктері де болды. Нұрсұлтан Назарбаевтың осы саладағы жаңа бастамалары хақында Қазақстан делегациясының басшысы, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин айтып берді. Ерекше назар ядролық энергетика қағидаттарын жүзеге асыруға, халықаралық антиядролық «АТОМ» жобасына аударылды.
- Сіздердің елдеріңізде ұсынылып отырған «АТОМ» жобасы бүгінде Қазақстан мен сіздердің Көшбасшыларыңыз Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қарудан азат әлем құру үдерісіне белсенді қатысушылар болып табылатынының тағы бір жарқын айғағы. Және біздің планетамыздың болашағына бей-жай қарай алмайтын кез келген адам осы игілікті іске өзінің үлесін қоса алатыны өте маңызды, - деп атап өтті Бельгия Парламенті өкілдер палатасының жетекшісі, Египет, Франция және Германия парламентарийлері.
Ассамблея жұмысы аясында Нұрлан Нығматулин ауғанстандық, мысырлық, канадалық, пәкстандық, германиялық, оңтүстіккореялық әріптестерімен екіжақты кездесулер өткізді. Онда парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі дамытып, нығайту мәселелеріне назар аударылды. Нұрлан Нығматулин мен ГФР Бундестагының төрағасы Норберт Ламмерт мұндай басқосулар парламенттік дипломатияны халықаралық деңгейге көтеруге үлкен үлес қосады деген ортақ пікірге келді.
Келісімдік-құқықтық базаны кеңейту мен Президент Н.Назарбаевтың бастамалары Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасы мен Канаданың экс-премьері Жан Кретьен арасындағы іскерлік кездесуде ортақ тақырыпқа айналды.
- Мен Қазақстанды жақсы білемін және өзімнің Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен достығымды мақтан тұтамын, - деді Ж.Кретьен. - Бүгінде сіздердің елдеріңізді іс жүзінде бүкіл әлем таниды және бұл сіздердің Президенттеріңіздің күш-жігері мен халықаралық беделінің арқасында мүмкін болып отыр. Қазақстан басшысының, әсіресе, G-global бастамасы әлемдік экономика үшін аса зор маңызға ие.
Қазақстан парламентшілерінің Парламентаралық одақтың 127-ші Ассамблеясының жұмысына қатысуы қорытындысын шығара келіп, Нұрлан Нығматулин төмендегіні атап көрсетті: «Өткен форумның қазақстандық депутаттар үшін өте пайдалы болғаны анық. Және бұл планетаның барлық құрлықтарынан келген парламентарийлерге Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясатының негізгі қырларын, әсіресе, тұрақты және қауіпсіз әлем құру ісіндегі саясатын жеткізудің тамаша мүмкіндігі болды. Ең бастысы - біз Қазақстан басшысының жоғары халықаралық беделіне көз жеткіздік. Және біз халықаралық парламенттік қоғамдастықтың Қазақстан Көшбасшысының кең ауқымды бастамаларына үлкен қызығушылық танытып отырғанын көрдік».
"Абай-ақпарат"