... Қой өсір – өнімі оның көл көсір
Халықтың үдемелі өсімін қажетті азық-түлікпен, әсіресе етпен қамтамасыз ету - әр мемлекеттің өзекті мәселесі. Әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінде (АҚШ, Еуропа елдері) жан басына шаққандағы ет тұтынысы 80 кг. және одан жоғары болса, басқа мемлекеттерде (Африка елдері) бұл көрсеткіш бар болғаны 20 кг. құрайды. Мал шаруашылығын дамытуда үлкен әлеуетке ие Қазақстан ресми деректер бойынша жан басына 70 кг. ет өндіреді.
Республикада қой еті өндірісін арттыруда қойлардың етті тұқымдарын, әсіресе биязы жүнді қой шаруашылығында етті тұқымдар шығарудың маңызы зор. Бұл жұмыстар арқылы жүн түсімін кемітпей, қойдың тірідей салмағын 15-20%-ға арттыруға болады.
Президент Н.Ә.Назарбаев халық шаруашылығында тиісті іс-шараларды дер кезінде іске асыру үшін шетелдер экономикасының жағдайы мен даму бағыттарын үнемі бақылау қажеттілігін атап көрсетті. Мысалы, әлемдегі ең жіңішке жүн өндіретін Австралияда 1980 жылдары 180 млн.-нан астам қой болса, бүгінгі күні профессор К.Разумеевтің хабарлауынша, (Ресейлік асыл тұқымды қойлар көрмесіндегі баяндамасы, Элиста қаласы, 26 мамыр 2011 ж.) олардан 67 млн. бас қана қалыпты. Австралиялықтар босаған аймақтарда етті ірі қара өсіріп, ал жүнді-етті қой шаруашылығын дәл осындай жүн беретін етті-биязы жүнді тұқымдармен алмастыруда.
Халықтың үдемелі өсімін қажетті азық-түлікпен, әсіресе етпен қамтамасыз ету - әр мемлекеттің өзекті мәселесі. Әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінде (АҚШ, Еуропа елдері) жан басына шаққандағы ет тұтынысы 80 кг. және одан жоғары болса, басқа мемлекеттерде (Африка елдері) бұл көрсеткіш бар болғаны 20 кг. құрайды. Мал шаруашылығын дамытуда үлкен әлеуетке ие Қазақстан ресми деректер бойынша жан басына 70 кг. ет өндіреді.
Республикада қой еті өндірісін арттыруда қойлардың етті тұқымдарын, әсіресе биязы жүнді қой шаруашылығында етті тұқымдар шығарудың маңызы зор. Бұл жұмыстар арқылы жүн түсімін кемітпей, қойдың тірідей салмағын 15-20%-ға арттыруға болады.
Президент Н.Ә.Назарбаев халық шаруашылығында тиісті іс-шараларды дер кезінде іске асыру үшін шетелдер экономикасының жағдайы мен даму бағыттарын үнемі бақылау қажеттілігін атап көрсетті. Мысалы, әлемдегі ең жіңішке жүн өндіретін Австралияда 1980 жылдары 180 млн.-нан астам қой болса, бүгінгі күні профессор К.Разумеевтің хабарлауынша, (Ресейлік асыл тұқымды қойлар көрмесіндегі баяндамасы, Элиста қаласы, 26 мамыр 2011 ж.) олардан 67 млн. бас қана қалыпты. Австралиялықтар босаған аймақтарда етті ірі қара өсіріп, ал жүнді-етті қой шаруашылығын дәл осындай жүн беретін етті-биязы жүнді тұқымдармен алмастыруда.
Кеңес одағы ыдыраған соң, Қазақстанда биязы жүнді қой саны 10 есе азайды, ал етті-майлы қылшық жүнді және ұяң жүнді қой шаруашылығы дамып, мұндай қойлардың саны қазіргі таңда республикадағы қой басының 70%-ын құрайды. Себебі, жүнді-етті биязы жүнді қойлармен салыстырғанда осы бағыттағы қойдан алынатын ет-май өнімдерінің мөлшері көп және оларды өсірудің экономикалық тиімділігі жоғары.
Қойдың 1 кг. жүнімен салыстырғанда тірідей салмақтың 1 кг. қосымша өсіміне 8-10 есе аз азық жұмсалатыны белгілі. Оған қоса, 1 кг. жүннің бағасы 1 кг. етке қарағанда 3-4 есе арзан, яғни жүннің бағасы 300-350 теңге болса, еттің бағасы 1100-1300 теңге. Қой шаруашылығындағы негізгі өнім өндіруші ретінде саулық жылына 8-10 АҚШ доллары тұратын жүн берсе, ол әдетте, құны 80-100 АҚШ доллары тұратын 1 қозыны дүниеге әкеліп, 4-4,5 айлығына дейін өсіреді. Осыған байланысты, өнім өндірісінің жалпы көлемінде еттің үлесі 90% құрайды. Кейбір мәліметтер бойынша, Еуропадағы 160 млн. бас құрайтын қой шаруашылығында қой етінен түсетін табыс 97% екен.
Қазақстанда қой етін өндіру - ет және ет өнімдері өндірісін арттыруда басты бағыттардың бірі. Сол себепті, халық шаруашылығы үшін жоғары сапалы қой еті мен жүн өнімінің көп мөлшерін өндіруге мүмкіндік беретін етті бағыттағы биязы жүнді қой шаруашылығын дамытудың маңызы зор. Әлемдік биязы жүнді қой шаруашылығының даму үрдісіне қарай біздің республикада етті бағыттағы биязы жүнді қойдың (етті мериностардың) жаңа тұқымын шығару жұмыстары 1981 жылы басталды. Бірінші кезеңде - 1981-1990 жылдары Алматы және Талдықорған облыстарының шаруашылықтарында 1 саулықтың таза жүн түсімі 3,0 кг. және ет өнімі 45-48 кг. болатын қазақтың биязы жүнді қой тұқымының жоғары өнімді отарлары мен желілерін құру көзделді.
Екінші кезеңде - 1991-2000 жылдары қазақтың биязы жүнді қой тұқымының тұқымішілік типтерін құру жоспарланған. Бұл жұмыстардың нәтижесінде ірілігімен және өте жақсы жүн өнімділігімен сипатталатын «Сарыбұлақ» тұқымішілік типі шығарылып, Қазақстан Республикасы мал тұқымдарының мемлекеттік реестріне енгізілді.
Үшінші кезеңде - 2001-2010 жылдары жаңа «Етті меринос» бағытындағы биязы жүнді қой тұқымы шығарылды.
Зерттеулердің алғашқы екі кезеңінде аналық тұқымның жүн өнімділігі мен сапасын арттыру үшін «стронг» типіндегі австралиялық мериностар мен полварстар пайдаланылды. Тұқым шығару жұмыстарының соңғы үшінші кезеңінде қазақтың биязы жүнді қойларын таза тұқымды өсірумен қатар, Германиядан әкелінген «дойче меринофлейшшаф» етті бағыттағы биязы жүнді қой тұқымының қошқарларымен будандастыру қолданылды.
Іріктеудің басты мақсаты - қойылған талаптарға сай келетін, негізгі пайдалы, әсіресе етті қасиеттері айқын және тұқым қуалаушылық қасиеттері жақсы қойларды бөліп алу.
Негізінен қойлар жыл бойы отарлы-жайылымдық жүйеде өсіріліп, қар қалың жауған қысқы мезгілде қосымша азықтандырылды. Қойларды азықтандыру деңгейі ұсынылған нормаларға сай болды, бұл жағдай отардың селекциялық деңгейіне байланысты қалыпты өсуін, дамуы мен өнімділігін арттыруды қамтамасыз етті.
Біртекті және әртекті немесе жақсартушы жұптау негізгі селекциялық белгілер бойынша жүзеге асырылды: малдардың типі, еттілік пішіндерінің дамуы, тірідей салмағы, жүн түсімі, оның ұзындығы мен жіңішкелігі, талшықтардың иректілігі, дененің негізгі бөліктеріндегі жүннің ұзындық пен тығыздық бойынша біркелкілігі, шайырдың сапасы мен мөлшері.
Мал қасиеттерінің максималды және минималды көрсеткіштері бойынша гомогенді (біртекті) жұптау тиісті малдарға тән селекциялық белгілерді бекіту мақсатында жүргізілді. Жұптаудың бұл әдісі алынатын төлдің жоғары өнімділік қасиеттерін күшейтуге, тұқым қуалаушылық қасиеттері мықты қойларды шығаруға мүмкіндік береді.
Жекелеген біртекті жұптауда ұнамды типтегі малдарды тез алу үшін қойылатын талаптарға толық сай келетін, сырт пішінінде және басқа да кемшіліктері жоқ қойлардың ұсақ топтарында туыстас, оның ішінде жақын қанды жұптаудың әртүрлі деңгейлері қолданылды. Шағылыстыруға іріктелген саулықтар ірі, дене бітімі мықты болған. Тірідей салмағы 65-70 кг.-дан төмен емес, таза жүн түсімі 2,5-3,0 кг.
Қазіргі кезде жаңа тұқым қойларын өсіретін негізгі аймақта - Алматы облысының Талғар, Кербұлақ және Ескелді аудандарында 300 мыңнан астам қой бар. «Алматы тұқымды мал зауыты» ӨК-те селекциялық жұмыстар 4 желі бойынша жүргізіледі. Олардың біреуінің негізін қалаушы №113 аталық қошқар денесінің ірілігімен, еттілік пішіндерінің айқындылығы және дене тұрқының ұзындығымен ерекшеленді. Бұл желінің жалғастырушылары да осы белгілерге ие.
Келесі желінің негізін қалаушы № 707 аталық қошқар да еттілік пішіндерімен сипатталды, бірақ оның бойы аласа болды. Бұл қошқардың тұқымы да осы бағытта іріктелуде.
Үшінші желінің негізін қалаушы № 719 аталық қошқар тірідей салмағының орташа тәуліктік өсімі және дамыған бұлшық еттері бойынша Германияда жоғары бағаға ие болған. Шаруашылықта алынған ұрпақтар да осы белгілермен ерекшеленеді.
Келесі желінің негізін қалаушы өзіміздің шаруашылықта өсірілген №08295 аталық қошқар ұзын жүнімен, айқын байқалатын еттілік пішіндерімен ерекшеленеді, алынған төлдер де осы белгілерге ие.
«Сарыбұлақ асыл тұқым» ӨК-тің құрамына кіретін «Арай» шаруа қожалығындағы қойлардың өнімділігі өте жоғары. Саулықтардың тірідей салмағы (550 бас) жылдар бойынша орта есеппен 70-72 кг., жүн түсімі 6,5-7,0 кг., тұсақтар, тиісінше 60-62 кг. және 6,0-6,3 кг. құрады.
Тұқымның өзіне тән ерекшеліктері еттілік пішіндерінің айқындылығы, денесінің жұмырлығы, жоғары деңгейдегі тірідей салмағы мен өсуінің жылдамдығы, тұқылдығы (мүйізі жоқ) ұрпақтан-ұрпаққа жақсы тұқым қуалайды. Желілеп өсіру, қошқарларды саулықтарға біртекті жұптау нәсілдік белгілердің тұқым қуалау константтылығын арттырады.
Қойларды өсіру аймағының ауқымдылығы (облыстың 3 ауданы), экономикалық тиімділігі мен сұранысқа ие болуы (қошқарлардың көрші 4 ауданға өткізілуі) тұқымды өсірудің тұрақтылығына көмегін тигізеді. Жаңа тұқымның қойлары қысқы жайылымда бағуға, жергілікті табиғи-климаттық жағдайларға жақсы бейімделген. Ет өнімділігі бойынша олар «Доне», австралиялық етті меринос, «Дойче меринофлейшшаф» сияқты әлемдегі алдыңғы қатарлы етті биязы жүнді қой тұқымдарынан кем емес.
Бір жыл аралықта еркек қозылардың өсу салмағы әр күнде орта есеппен 165 грамға көбейіп отырады. Ең жоғарғы көктемдік көрсеткіші - 319 грамм (кейбір малдарда 500-571 грамм қосылады), қыста аз дегені - 54 грамм, ал бір жылда орта есеппен 67,9 кг.-ға жетеді. 4-4,5 айлық қозыларды етке өткізгендегі пайдасы сонша 1 бас саулықтың құнына, яғни 7184-7650 теңгеге тең.
«Етті меринос» жаңа қой тұқымы мемлекетіміздегі қой шаруашылығы салаларында, селекциялық жұмыстарда етті бағыттағы қойлардың өсірілуіне оның ішінде экологиялық таза қозы етінің өндірілуіне үлкен бағыт бере алады.
Рамазан ӘБЖАНОВ,
АШМ Мал шаруашылығы департаментінің
асылдандыру ісі және селекциялық
жетістіктерді байқаудан өткізу
басқармасының бастығы.
"Абай-ақпарат"