Жұма, 11 Қазан 2024
2804 2 пікір 2 Маусым, 2022 сағат 16:34

Үндістанда Абай ескерткіші ашылды

Бүгін Нью-Дели қаласы (Үндістан) Сан Мартин Парк скверінде қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлы бюстінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шараға ҚР Премьер – Министрінің орынбасары-Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, Үндістанның Сыртқы істер және мәдениет мемлекеттік министрі Минакши Лекхи, сондай-ақ дипломатиялық корпус өкілдері қатысқан.

«Абай – ұлы ақын ғана емес, кемеңгер ойшыл, әйгілі ағартушы. Ол жұртты ғылым игеруге, білімдар болуға үндеді. Жаңашылдық пен жасампаздықты дәріптеді. Абай мұрасы – біздің елімізге ғана емес, барша адамзатқа ортақ құндылық», - деді Б. Сұлтанов.

Бақыт Сұлтанов Абай бюстінің орнатылуы екі ел арасындағы рухани ынтымақтастықты одан әрі нығайта түсетінін атап өтті. Сондай-ақ тараптар білім, ғылым және мәдениет саласындағы ынтымақтастықты дамытуды жалғастырады.

 

Abai.kz

2 пікір