Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 4474 0 пікір 24 Шілде, 2009 сағат 12:22

Әділжан ҮМБЕТ. Безгек безек қақтырып тұр

Соңғы екі күнде Қызылорда облысында қырым-конго безгегіне шалдықты деген диагнозбен екі адам жергілікті емдеу орындарына жатқызылды. 21 шілдеде Жаңақорған қонысында тұратын 1981 жылғы азамат аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне жеткізілсе, 22 шілдеде Шиелі ауданы Ы. Жақаев ауылының 48 жасар тұрғыны осындай жағдайға душар болған.
Облыстық мемлекеттік-санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті мамандарының айтуынша, жаңақорғандық азаматты тексергенде оның бойынан кененің шаққан белгілері байқалмаған. Алайда ішінен қан кету секілді жайлар орын алған. Қазіргі таңда онымен қарым-қатынаста болған басқа да азаматтар анықталуда. Ал Шиелідегі азаматты осыдан бірнеше күн бұрын кене шағып алған. Дене қызуы көтерілгенімен, әзірге ол кісіден безгек ауруының басқа құбылыстары байқалар емес. Әзірге мамандар бұл азаматты толық тексеруден өткізу үстінде.
Департамент мамандарының берген деректеріне сүйенсек, соңғы үш жылда бұл дертке шалдығушылар ұдайы көрініс беріп келеді. Мәселен, 2007 жылы 7 адам безгекке шалдығып, екі адам мезгілсіз өмірмен қоштасқан. Былтыр осындай екі дерек тіркелгенмен, адам өлімі болған жоқ. Биылғы жылдың басынан бері қырым-конго безгегіне шалдықты деген диагнозбен 4 адам тіркеліп отыр.
Ұлбосын Аханаева, облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті директорының орынбасары:

Бұл еліміздің оңтүстігінде кеңінен кездесетін ауру. Әсіресе, жаз айларында көрініс береді. Сондықтан азаматтар кенені жұқтырып алудан сақтанғаны абзал. Қазіргі таңда қауіпті ошақтарды залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.

Қызылорда облысы.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1535
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3315
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6019