Бұл жөнінде 1 маусымда Hürriyet газеті хабарлады.
Халықтық өзін қорғау отряды (ХҚО) - басым бөлігі күрдтерден құралған сириялық әскери ұйым. Олар Сирияның солтүстік-шығыс бөлігін бақылайды. Бұл ұйым Батыс елдерінің қолдауымен "Ислам мемлекеті" террористік ұйымына қарсы күрескен.
Анкара бұл ұйымға үнемі қарсы, себебі Күрдістанның жұмысшылар партиясымен байланысы бар деп есептейді. Аталған партия Түркиядан күрдтер автономиясын құруды талап етіп келеді.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Түркияға ескерту жасады. "Әскери операцияға біз қарсы боламыз", - деп мәлімдеді ол сәрсенбі күні НАТО бас хатшысы Йенс Столтенбергпен өткізген баспасөз мәслихаты кезінде.
Анкара 2016 жылдан бері Сирияда төрт бірдей әскери операция жүргізді. Бұл жолы Түркия ХҚО-ны ығыстырып, Сирия босқындарына арналған арнайы аймақ құрамыз дейді.
Abai.kz