Сенбі, 11 Қазан 2025
3225 1 пікір 2 Маусым, 2022 сағат 18:13

Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке кірісті

Еуразиялық экономикалық одақтың тұрақты әрекет ететін реттеуші органы құрамына Бақытжан Сағынтаев кірді. Бұдан былай Қазақстанның экс-Үкімет басшысы Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) болып қызмет атқарады, деп жазды Aikyn.kz. 

Бақытжан Сағынтаевтың мол тәжірибесі ЕАЭО жұмысына жаңаша дем берері сөзсіз. Ұйым көздеген экономикалық шешімдер барлық елге оңтайлы болуы шарт. Естеріңізге сала кетейік,  қазір  ЕЭК құрамында 5 ел ұсынған өкіл бар: Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы. Қазақстан тарапы ұсынған Бақытжан Сағынтаевтың кандидатурасын өзге төрт елдің өкілдері бірауыздан қолдады.

Комиссияның шешімдері ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумақтарында орындалуға міндетті болады.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 815
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 9884