Сенбі, 23 Қараша 2024
2537 0 пікір 3 Маусым, 2022 сағат 13:05

Қырғызстанның денсаулық сақтау министрі ұсталды

Қырғызстанда денсаулық сақтау саласын дамыту жөніндегі бұйрықты бұзып, бюджет қаржысын заңсыз шығарды деген айыппен бірнеше шенеунік ұсталды. Бұл туралы елдің бас прокуратурасы хабарлады.

Бақылаушы органның мәліметінше, 2020 жылдың желтоқсанынан 2021 жылдың қыркүйек айына дейін Қырғызстан халықаралық ұйымдардан, Ресей, Қытай және Әзербайжан елдерінен 452 мың дана коронавирусқа қарсы екпені тегін алған. Кейін Қытай мен Ресей тағы да көмек ретінде 6 млн дана екпені тегін берген.

Бірақ соған қарамастан денсаулық сақтау министрі Алымкадыр Бейшеналиев 460 мың дана вакцина сатып алу үшін, бюджеттен 1 млрд 581 млн 474 мың сом (20 млн доллар шамасында) бөлдірген. Бұл қаржы офшорлық зона арқылы шетелге шығарылған.

Мамыр айында денсаулық сақтау министрі Ыстықкөлде сапарда жүрген кезінде арнайы қызмет тарапынан тергелгенін хабарлаған. Осы айда Ыстықкөл облысының денсаулық сақтау саласының шенеунігі пара алды деген күдікпен ұсталған.

Алымкадыр Бейшеналиев 2020 жылдың қазан айындағы төңкерістен кейін денсаулық сақтау министрі қызметіне келген.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364