Сенбі, 23 Қараша 2024
2842 1 пікір 3 Маусым, 2022 сағат 13:31

9 миллиард теңге кімге бұйырады?

Қазақстанның Қайрат Сатыбалдыға бір тиын төлегісі жоқ.

"Қазақтелеком" АҚ акционерлер жиналысында 2021 жылдың дивидендтерін төлеу бойынша мәселе қаралып, ол түсініксіз нотада аяқталды.

Әу баста "Қазақтелеком" АҚ Директорлар кеңесі әр акцияға 3590 теңге дивиденд төлеуді ұсынған. Акционерлерге 20 миллиард теңге төленуі тиіс еді. Бірақ, 51% акцияға иелік ететін "Самұрық-Қазына" қоры осы ұсынысқа қарсы дауыс берді.

Оның себебі, 2021 жылы Қазақтелекомның 24,46% акциясы Қайрат Сатыбалдының "Skyline Investment" компаниясына тиесілі болды. Мемлекет ол акцияларды тек жақында ғана өз пайдасына жаздырып алды. Акция ұстаушылар реестріне сай, Сатыбалды дивидендтегі өз үлесіне таласып, 20 миллиард теңгенің 9 миллиардын алу мүмкіндігіне ие болар еді.

Мемлекеттің әзірге дивиденд төлемей, аз уақытта компанияның дивидендтік саясаты бойынша кұжатын өзгертіп алуға асыққанын осылай түсіндіруге болады.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364