Жұма, 22 Қараша 2024
2232 0 пікір 26 Мамыр, 2022 сағат 16:55

Мектеп оқушыларының робототехникаға қызығушылығы басым

Биылғы балалар жылына орай Алматыда мектеп оқушылары арасында IT-хакатоннан жарыс өтті. Жарыс Almaty Bala Fest фестивалі аясында ұйымдастырылған. Оған 300-ден астам оқушы қатысты.

Робототехника, мобильді қосымшаларды әзірлеу, сайт құру, 3D модельдеу бағыттары бойынша өткізілген жобаның негізгі мақсаты – балалардың шығармашылық, зияткерлік қабілетін дамыту.

Сайыс жеңімпаздарына жазғы IT лагеріне жолдама беріледі.

«Бүгін біздің мектепте ауқымды іс-шара өткізіліп жатыр. Қалалық фестиваль IT-хакатон «Балалар жылына» арналған.  Бүкіл Алматыдан дарынды бала келіп тұр. Сәттілік тілеймін», – деді №144 мектеп-гимназиясының директоры Әлия Саламатова.

«Бүгінгі балаларымыз автомат роботтар жасап жатыр. Бұның ішінде менің де балаларым бар. Бұл мектепке өзімде көмектесемін. 58 бала бар соларға көмектесіп жүрмін 144-ші мектепке», – деді ҚХА кеңесінің мүшесі Долқунтай Абдухалил.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320