Сенбі, 23 Қараша 2024
1923 0 пікір 13 Мамыр, 2022 сағат 17:34

Еліміздің жас өнертапқыштары ерекше көлік ойлап тапты

Алматылық жас өнертапқыштар спиртпен жүретін көлік құрастырып шығарды.

«Салмағы 47-49 келі арасында болады. Бұл көліктің арнайы пилоты бар, пилоттың салмағы 55 келі болса, жалпы 100 келі салмақпен 25-27 шақырымға дейін жүреді», – деді Қ.Сәтбаев атындағы ҚАЗҰТЗУ студенті Әлібек Ыбырайым.

Жас өнертапқыштар адамның бұйрығын екі етпейтін роботтың қолын да таныстырды. Студенттердің айтуынша, бұл туынды 1 ай құрастырылып, жоба республикалық жарыста жүлделі болған. Одан бөлек, ғылым саласына бет бұрған жастар пайдалы қазбалар табудың оңтайлы жолын ұсынды.

«80 градус бұрышпен бұрғылайтын болсақ, апатты жағдайға көп ұшырайды. Яғни, жарған кезде кеннің бос жыныстарының шашырауы көп болады. Біз сол себепті 80 емес, 65 градуспен бұрғылаймыз деп шешіп, есебімізді солай шығардық», – деді  Қ.Сәтбаев атындағы ҚАЗҰТЗУ студенті Алмат Сапарбаев.

Сондай-ақ  жоғары оқу орнының студенттері өзге де туындысын таныстырып, жұртты тәнті етті. Жас ғалымдардың айтуынша, жаңа құрылғылар отандық технология саласының дамуына серпіліс бермек.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5510