Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 2972 8 пікір 8 Маусым, 2022 сағат 14:20

Қазақстанды әлсіретпекші топтар бар сияқты

Мектеп жасындағы қыздарға орамал тағу керек деген пікір айтылып жүр. Меніңше бұл белгісіз бір топтың Қазақстанды әлсіретіп тіпті басқа бір елге жығып беріп сол елдің құрамына кіргізіп Қазақ деген Елді мүлдем жоқ қылып жіберудің жолы сияқты.

Тарихта жүздеген, мың жылдаған уақытта іске асырылатын жоспарлар жасау болған.

Мысалы, Қытай патшасына уәзірі былай деп кеңес берген: "Қызыңызды Ғұн елінің патшасына әйелдікке беріңіз. Қызыңыз ұл туады. Жиеніңізді сарайыңызға әкеліп тәрбиелеп өсіресіз. Содан соң ол Ғұн патшасы болады. Осылайша қытайша тәрбиеленген жиеніңіз арқылы Ғұн елін еш соғыссыз бір де оқ шығармай жаулап аласыз".

Орамал тағу керек деген өзеуреу де осындай жоспар сияқты.
Өзіңіз ойлап қараңызшы. Мектептегі бұғанасы қаптаған жаөспірім қыздар орамал тақса бойына таза ауа тимейді. Содан ол қыздар денсаулығы әлсіз болады. Ертең бала тапқан әлсіз әйелдің баласы да әлсіз боп туады. Осы жағдай жылдар бойы қайталанса әлсіз ұрпақ өседі. Әлсіз әйел - әлсіз бала - әлсіз Қазақстан. Орамал тапқан жасөспірім мына ауа жеткілікті мөлшерде жетпегендіктен санасы қыспақта болады. Ол оны өзі сезбейді. Әйел болғанда әбден басылып өскендіктен ұл-қыздарына еркіндік құндылығын бере алмайды. Психология жағынан әлсіз болып өскен ұл-қыздар мемлекеттің өркендеуіне, отанын қорғауға құлықсыз болады. Демек Қазақстанның Қарулы күштері әлсіз болады. Рухы әлсіз әскерді жеңу өте оңай. Бұл Қазақстанға іштен төнетін ең үлкен қауіп.

Қазақты, Қазақстанды әлсірету кімге керек болды екен?
Ойланыңыз ағайын. Отан сіздің үйіңізден басталатынын ұмытпаңыз. Әр Қазақ Сіз Отанымыз ҚАЗАҚ ЕЛІ мен ЖЕРІ үшін жауаптысыз!

Бердалы Оспан

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394