Жұма, 11 Қазан 2024
2218 1 пікір 8 Маусым, 2022 сағат 15:54

Қаржы пирамидасын жарнамалағандар 7 жылға дейін сотталуы мүмкін

Мәжіліс депутаттары қаржылық (инвестициялық) пирамидалар қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Алдағы уақытта қаржы пирамидаларын жарнамалағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

«Заңның 217-бабында анық жазылғандай, енді танымал тұлғалар оның ішінде әншілер мен блогерлер, вайнерлер қаржылық өнімге қатысты жарнама жариялар алдында өте мұқият болуы керек. Бұл үшін заң аясында қылмыстық жауапкершілік көзделген. Оның ішінде 2000 АЕК және 600 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылу, тіпті 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Бірлескен топтар үшін қылмыстық жаза 3-7 жыл аралығында болуы мүмін және мүлкін тәркілеу көзделген. Бұл өте қатаң шара деп айтар едім», - деді Мәжіліс депутаты Юрий Виссарионович Ли.

Айта кетейік, бұған дейін танымал вайнерлердің жарнамасына сеніп, қаржылық пирамидаларға ақша салған адамдар 54 млрд теңгеден айырылған.

 

Abai.kz

1 пікір