Жұма, 11 Қазан 2024
2534 1 пікір 8 Маусым, 2022 сағат 16:38

220 млрд теңге қаржыны елден алып шығу үшін 113 күдікті операция жасалған

Қаржы мониторингі агенттігі жыл басынан бері 220 млрд теңге қаржыны елден алып шығу үшін 113 күдікті операция жасалған. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ғабит Садырбаев мәлімдеді.

«Біз күдікті операцияларды тоқтатамыз, содан соң құқық қорғау органдарына жолдаймыз. Соңғы бес айдың ішінде 220 млрд теңге қаржыны құраған 113 күдікті операцияны тоқтаттық»,-деді ол.

Садырбаев активтерді қайтару туралы жұмыстың кімдерге қатысты жүргізіліп жатқанын айтпады.

«Бұл тергеу құпиясына кіруі мүмкін. Активтерді қайтару қылмыстық істер аясында жүзеге асады. Ол үшін сот үкімі болуы керек, сот үкімінен кейін тергеу тапсырмалары жіберіледі, халықаралық келісім болуы керек, содан кейін ғана кейбір қаражатты қайтару туралы айтуға болады. Бұл бір күннің шаруасы емес»,-деді Қаржы мониторингі агенттігінің өкілі.

 

Abai.kz

1 пікір