Ғылымды басқарудың жаңа моделі жаңалықтар мен игіліктерге бастайды
Білім және ғылым министрі қазақстандықтардың дипломдық жұмысты, тіпті дипломның өзін сатып алуы сияқты кесір құбылыстың тарихқа кетіп бара жатқандығын жариялады. «Жалпы, интернетте дипломдық еңбекті, дипломды сатып алу деген өткеннің еншісіне кетіп барады, - деп мәлімдеді кеше Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов. - Өйткені жоғары оқу орындары тек диплом ғана береді, бірақ оның сыртында енді жас маман тәуелсіз аттестациялық ұйым алдында өзінің біліктілік-квалификациясын растауы қажет. Сонда барлық жерде оның табақтай дипломы емес, біліктілігін растаған-растамағандығы маңызды болады!» деп шарт түйді министр. Білім және ғылым министрі мұндай мәлімдемені Сенатта өткен Ғылым және Үдемелі индустрияландыру тақырыбындағы конференция аясында жасады. Мұның сыртында Бақытжан Жұмағұлов Қазақстанның «профессор», «доцент» атақтарынан бас тартып, «магистр», «доктор PhD»-ға ауысып жатқанын да хабарлады. Ол ол ма, Қазақстанның «батыстық атақтарға» осы құмарлығы көршілерге де жұғуы мүмкін: министрдің айтуынша, оларға да «осы тәжірибе дұрыс» деген түсінік келе бастапты.
Білім және ғылым министрі қазақстандықтардың дипломдық жұмысты, тіпті дипломның өзін сатып алуы сияқты кесір құбылыстың тарихқа кетіп бара жатқандығын жариялады. «Жалпы, интернетте дипломдық еңбекті, дипломды сатып алу деген өткеннің еншісіне кетіп барады, - деп мәлімдеді кеше Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов. - Өйткені жоғары оқу орындары тек диплом ғана береді, бірақ оның сыртында енді жас маман тәуелсіз аттестациялық ұйым алдында өзінің біліктілік-квалификациясын растауы қажет. Сонда барлық жерде оның табақтай дипломы емес, біліктілігін растаған-растамағандығы маңызды болады!» деп шарт түйді министр. Білім және ғылым министрі мұндай мәлімдемені Сенатта өткен Ғылым және Үдемелі индустрияландыру тақырыбындағы конференция аясында жасады. Мұның сыртында Бақытжан Жұмағұлов Қазақстанның «профессор», «доцент» атақтарынан бас тартып, «магистр», «доктор PhD»-ға ауысып жатқанын да хабарлады. Ол ол ма, Қазақстанның «батыстық атақтарға» осы құмарлығы көршілерге де жұғуы мүмкін: министрдің айтуынша, оларға да «осы тәжірибе дұрыс» деген түсінік келе бастапты.
Жалпы, ғылымды басқарудың кеңестік, көнерген жүйесін өзгерту керектігі жөніндегі түсінік те министрлікке өздігінен келген жоқ. Бұл мәселені сарапшылар мен ғалымдар көтерді. Олардың сөздері Елбасыға жеткен. «Ғылымды басқарудың жаңа моделін Ақордадағы үлкен кеңесте Мемлекет басшысы ұсынған болатын, - деп мойындады министр. - Жаңа модельде Елбасы отандық ғылымды дамытудың жаңа ба-
ғытын көрсетті. Бұл - ғылымды әлемдік деңгейге жеткізу және экономиканы инновациялық дамытуға нақты үлес қосу. Оны бекіту үшін қыруар жұмыс атқарылды. Ғылым туралы 2011 жылы жаңа заң қабылданды. Онда ғалымдарға үлкен рөл берілді. Ғылымды қаржыландыру жүйесі түбегейлі өзгерді. Нәтижесінде соңғы 2 жыл «өзгерістер жылы» болды». Атап айтқанда, біріншіден, ғылымға арна тартар қаржы тасқыны 2,5 есе ұлғайыпты: егер 2010 жылы осы мақсатқа мемлекет 20 миллиард теңге бөлсе, биыл 48 миллиард бағыттап отыр.
Екіншіден, Б.Жұмағұловтың сендіруінше, қазақстандық ғылымда кадр мәселесі шешілуде. Әйтпесе, министрдің айтуынша, бұған дейін ғылымда келеңсіз құбылыстар жүрген: ғылыми кадрлар қартайып кеткен, ғалымдардың саны күрт азайған, біліктілігі, қарым-қабілеті жеткендері «бизнеске, қаржылық құрылымдарға кетіп қалған». Елбасы ұсынған жаңа модель жастардың ғылым болашағына деген сенімін күшейткен. «Қазір жағдай дұрысталып, жастар ғылымға бет бұра бастады. Олардың өздерінің ғылыми әлеуетін жүзеге асыруларына жағдай жасалуда» деді Білім және ғылым министрі.
Қазақстанның тек батыстық ғылыми атақтарға ғана емес, сондай-ақ ғалымдарына да көңілі құлап отыр. Кеше Білім және ғылым министрі «дәріс оқуға, зерттеулер жүргізуге шет-
елден жылына мыңнан астам профессор шақыру» ниетін жария етті. «Бұған жағдай бар» деп қосты ол. Министрдің дерегінше, олар жай келіп, қайтпай, елімізде кем дегенде 1 айдан 1 жылға дейін болады.
Рас, бұдан «қазақстандық ғалымдардың әлеуеті олардан төмен» деген ұғым қалыптаспауы керек. Бақытжан Жұмағұлов бүгінде қазақстандық ғалымдардың жаһандық жетекші ғылыми басылымдарда жарияланған материалдарының көлемі 2 есе өскендігін жеткізді. «Бұрындары төмен еді, былтыр 478 мақала әлемдік әртүрлі басылымдарда жарық көрді. Ал биылғы тек жарты жылда ғана ендігі 500-ден асатын материал жарияланып отыр. Жыл соңына дейін мыңға жетеді деп күтілуде» деген министр отандық ғұламалардың зерттеу мақалаларының сапасы батыстық әріптестерінікінен төмен еместігін нықтады: «Мұны цитата жасау индексінен көреміз. Былтыр қазақстандық ғалымдар мақалаларына әлем бойынша сілтеме жасаулар 3 есе артты». Ресми дерек бойынша 2010 жылы қазақстандық ЖОО-лардың ғылыми жобаларға қатысу үлесі небәрі 33% пайыз болған, енді қазір 57%-ға жетіп отырған көрінеді. Конференция аясында арнайы көрме жұмыс істеді, онда еліміздің жетекші ЖОО-лары жиынға қатысушылар назарына инновациялық жобаларын жайып салды. Осы орайда министр
Б.Жұмағұлов бүгінде 200-ден астам ғылыми жоба әзір екендігін айтты. Әйткенмен олардың кең өндіріске бірен-сараны ғана шығуы мүмкін. Мәселен, көрмеде техника ғылымдарының докторы, профессор Х.Байшағыров желден қуат өндіретін қондырғысын паш етті: мемлекеттің Ғылым қорының гранты негізінде Қазақстан мен ТМД тарихында тұңғыш рет диффузоры бар композициялық жел энергетикалық құрылғысының (ЖЭҚ) сынақ үлгісі жасалыпты. 2004 жылы жүргізілген сынақтар диффузоры бар ЖЭҚ-тар онысы жоқ құрылғыларға қарағанда, кернеуі 40-50%-ға жоғары тоқ өндіретіндігін көрсетіпті. Яғни бұл құрылғы аналогтарынан екі есе қуатты екен. Профессор Х.Байшағыров салмағы 95 келі, мұнарасының биіктігі 4 метрді құрайтын бұл ЖЭҚ-тың 1 кВт қуат өндіретіндігін айтады. «Бұл мәселен, мың қойы бар шопанға малдарын суғаруға және басқа қажеттіліктеріне жетер еді» дейді ол. Әйткенмен бұл ғылыми әзірлеме сынақтық үлгісінің жасалуынан әрі ілгерілемепті. Диффузорлы ЖЭҚ-ты тек «оның сынақтық партиясын жасауға бағытталған ғылы-ми зерттеу-сынақтық конструкторлық әзірлемесін жүргізгеннен» кейін ғана жаппай, сериялық өндіріске жіберуге болады екен. «Бұл кезеңдер мемлекеттік құрылымдардың немесе жеке капиталдың қаржыландыруын қажет етеді» деп мұңаяды профессор. Оның айтуынша, егер өндіріске қойылса, әрбір қондырғының құны небәрі 2,5-3 мың доллар болмақ (шетелде жел қондырғылары 20 мың доллар тұрады).
Жалпы, мұндай істермен Білім және ғылым министрлігі құрып жатқан арнайы құрылымдар айналысулары керек еді, алайда кеше министр тек бүгінде
9 коммерциялау офисі құрылғандығын хабарлаумен шектелді. Демек, бұл іс көбірек ден қоюды талап ететіндей. Әйтпесе министрлік ғылыми әзірлемелерді арттыруға көбірек салмақ салып жатқандай. «10 инновациялық университет іріктелді. Тек «инновациялық» болғаны үшін ғана оларға, ғылыми зерттеулер жүргізулеріне 200 миллион теңге қосымша қаржы бөліп отырмыз» деді Б.Жұмағұлов. Әйткенмен бұл халық қаржысын босқа шашу болып шығуы ғажап емес: егер университеттер ойлап тауып жатқан техникалық-технологиялық жаңалықтарды бүгін-ақ тездетіп өмірге, өндіріске шығарып, әжетке жаратпаса, ертең олар ескіріп, керексіз болып қалуы мүмкін, Елбасының өзі инновациялардың өздері күн сайын қайта жаңаратындығын ескерткен.
Жиында баяндама жасаған Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Қаныш Төлеушин ҮИИД бағдарламасын жүзеге асыру үшін тағы 13 салалық және 9 функционалдық бағдарлама қабылданғандығын жария етті.
Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің биік лауазымды өкілі тағы бір хабар айтты. Қазақ жерінің мол қазынасын көсіп-қазып алып жатқан ірі «жер қойнауын пайдаланушыларға» өз табыстарының 1%-ын қазақстандық ғылымды дамытуға жұмсау талабы қойылған. Қазір министрлік олармен бірлесіп, осыншама долларды қайда бағыттауға болатынын талқылауда екен.
Тағы бір жаңалық: алда Президенттің Қазақстанды ғылыми-технологиялық дамыту бағдарламасы жариялануы мүмкін. Бұл ретте корей елінің жәрдемдесуімен, Қазақстан үшін «өте маңызды» 75 технология анықталыпты. Олар 7 саланы қамтитын көрінеді. Ел Үкіметі 10 жыл ішінде осы 75 технологияны елімізде түбегейлі ендіруге міндеттеледі деседі. Үкімет қызметінің тиімді-тиімсіздігі соған қарап бағаланатын болыпты.
"Абай-ақпарат"