Осылай деп Қырғызстанның үкімет басшысы Ақылбек Жапаров Алматыда өткен аймақтық саммитте қазақстандық әріптесі Әлихан Смаиловпен кездесу барысында айтты.
Жапаровтың сөзінше, екі ел президенті сауда айналымын 2 млрд долларға жеткіземіз деген мақсат қойған, ол үшін екі ел арасында жүк тасымалы еркін жүруі тиіс.
Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында жүк көліктері жиі кептелісте тұрады. Бұл жиі келіспеушілікке алып келіп, "сауда соғысына" дейін жетіп жатады дейді сарапшылар. Бұл дау Дүниежүзілік сауда ұйымына дейін жеткен.
Биыл 27 мамырда өткен Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында қырғыз президенті Садыр Жапаров ЕАЭО ішкі нарығындағы кедергілер одақ беделіне нұқсан келіп, бөлінуге алып келеді деп мәлімдеген. Ол 2021 жылы елінің экономика министрлігі Ресейге ауыл шаруашылығы өнімдерін жедел жеткізу жолын зерттегенін айтты.
"Бұл зерттеу бірнеше кеденнен өтіп, үшінші елден келетін жүктердің Қырғызстан жүктеріне қарағанда Ресейге тез баратыны анықталды. Ал одақтың ішінде кедендік бақылау алынып тасталғанның өзінде кедергілер өте көп",- деген Жапаров.
26 мамырда Қырғызстан және Қазақстан президенттері Бішкектегі кездесуде шекарадағы барлық кедергілерді жою жөнінде келісімге келген. Бірақ соған қарамастан шекарада әлі жүк кептелісі жиі болып тұрады.
Abai.kz