Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2799 0 пікір 21 Қараша, 2012 сағат 08:18

Арғын Алашұлы. «Балапан» арнасына - күміс, идеологтарға - алтын сырға

«Балапан» арнасы жұмыс істей бастағанда алғашқылардан болып қуанған мен едім десем қателеспейтін шығармын. Менімен қоса, үйінде теледидар көретін жасқа келіп қалған балалары бар басқа да отбасылар қуанған болу керек. Қуанышымызға шек болмады. Тәуелсіздік алып, осы арна арқылы өз балаларымызға батыстың насихатынан ада төл тәрбиемізді беретін балапандар арнасына қол жеткіздік-ау дедік. Әсіресе жұмыс күйімен өмірінің жартысын сол күбең тіршілікпен өткізіп жүрген азаматтар қуанды. Үйде жоқта, орнымызға осы арна «тәрбиеші» болсын деді. Бұл бастама, қазақтың басқа да талай бастамасы сияқты күл-талқан болмай, жақсы нәтиже көрсетер деп өз-өзімізді сендірдік.

«Сенген қойым сен болсаң...». Әй қайдам, бұл іс те шала шықты ма деймін?! «Жаспыз, тәжірибеміз аз, техникамыз кемшін» деген болмашы әңгімедің қажеті жоқ. Мен қозғаған тақырып - арнаның төл туындыларының ішкі құрылысы, осы заманғы тілмен айтқанда - контентінде. Техникасында шаруам жоқ.

«Балалардың тәрбиесін осы арнаға амал жоқ жүктеген ата-аналардың атынан сөйлеп тұрмын» деген тұжырымдамама мақаланы оқып болғаннан кейін оқырманның өзі баға берсін.

Бұл мақалада көп сөз шұбыртудың қажеті жоқ. Талқыға тек Бір бағдарламаның тек Бір ғана көрінісін алайық.

КСРОдың ізімен «Ералаш» бағдарламасына ұқсатып жасаған «Күлегеш» бағдарламасын талқыға салдық. Оның көптен бір көрінісінің (фильмнің) мазмұны былай: бір қыз үйде жалғыз қалып қояды. Бала ғой - ас үйіндегі шкаф, тарпалардан кәмпит іздейді. Ақыры табады. Биік тоңазытқыштың үстінен. Қолы жетпейді. Қуанышына - үйге мектептен қашып (!!!) бауыры келеді. Тоңазытқыштың үстіндегі кәмпиттерді қарындасына бермей, өзі жалмап жей бастайды. Қыз - ашулы. Телефон қоңырауы шалады: шешесі екен. Арманды (аты өзгерген) сұрайды. Қыз, бауырының мектептен қашқанын айтсам ба, айтпасам ба деп қобалжып тұр. Арман «айтпа» деп қарындасына ымдап кәмпит ұсынады. Бұл көрініс 10-15 секундқа созылады. Шамасы -  кульминациялық сәт. Немен тынады деген көрермен: ол да - телміріп қарап тұр экранға... Сөйтіп қыз - «Арман ба?! Арман... Арман - мектептен қашып үйге келді» деп жауап береді анасына. Осымен фильм бітті.

Автор бұнымен не айтқысы келді?! Бағдарлама аты - «Күлегеш» болғандықтан оның қай жерінде күлу керек еді?! Мені осы сауалдар мазалап қолыма қалам алдым.

Фильмнің идеясы - баланың мектептен қашқанын естіп, оны жеңіл қабылдап күлу ме?! Әлде - кәмпитті өзі жеп кіші бауырына бермеу ме? «Жоға, мәселені пәлсапаландырмай-ақ қойшы, жай жеңіл-желпі күле салу» дейсіздер. Бұл көріністе жеңіл желпі күле салатын жер қайсысы?! Деп мен де қоймаймын...

Ересек адамның көзімен бұл фильмге шолу жасап, автордың не айтқысы келгенін шамалап көрейік:

КӨРІНІС

БАЛА НЕ ҰҒА АЛА АЛАДЫ?

НЕНІ ҰҚТЫРУҒА БОЛАР ЕДІ?

Үйде жалғыз қалған бала биік орындыққа мініп биік шкафтан кәмпит іздеп жүр

Үйде жалғыз қалғанда экстремалды іс-әрекетпен айналасуға болады (әйтпесе үйде болса әке-шеше «құлап қаласың» деп ұрыс береді... осы ата-ана деген ұрсқыш келеді екен...).

Үйде жалғыз қалып қойғанда да осындай «қауіпті» нәрселерді істемеуді ұқтыруға болар еді.

Үйде жалғыз қалғанда «тыйым» нәрселерді істеуге болады (тыйым болмаса әке-шешесі кәмпитті үстелдің үстіне қалдырып кетпей ме?!)

Ата-ана не нәрсеге тыйым салып, не нәрсеге рұқсат беруді жақсы біледі.

Баланың мектептен қашып үйге келуі

Мектептен қашуға болады. Сабақ деген маңызды емес.

Мектептегі сабақтардың барлығы маңызды. Мектептен рұқсатсыз кетуге болмайды.

Кәмпитті ағасы қарындасымен бөліспей өзі жеуі

Эгоизм деген құптарлық. Өзің тоқ болсаң - басқада шаруаң болмасын. Жасы кіші адамды мазақтауға, келеке қылуға, жылатуға болады. Оның көңілі қалып қою мәселесі маңызды емес.

Бөлісу, жомарттықтың - жақсы қасиет екенін астарлап немесе ашық  айтуға болушы еді.

Анасы телефон шалғанда қыздың қобалжып қалған көрінісі.

Ата-анаға орайына қарай шындық немесе өтірікті айтуға болады. Шындықты айтса - ағасы оған ұрысады.

Өз досыңды, бауырыңды қиын жағдайда қалдыру.

Ата-анасына қобалжымай, әркез шындықты айту керек. Алдында кім тұрса да -шындықты бүгіп қалмау қажет.

Осы көріністе «Арман қашып келді» деп айтпай, жай ғана «Арман үйде» деп айта салуға болады ғой. Мәселенің анық-қанығын анасы Арманнан өзі сұрап алады.

Ағасы шындықты айтпасын деп қарындасына кәмпит ұсынуы.

Қиын жағдайда адамды «сатып алуға» болатынын аңғаруға болады.

Бұл көріністі, қоғамымыздағы жемқорлық мәселесі өршіп тұрғанын ескеріп, тіпті де көрсетпеуге болар еді...

Жалпы фильм

Болмашы нәрсеге күле салуға болады.

Салмақты болу керек. Бірақ күлетін кезде де күліп қалу жаман емес. Күлетін нәрсе ерсі және мағынасыз болмау керек.

Жоғарыда келтірген дәйектемелерге қарап, баз-біреулер «енді не, күлуге де болмай ма?» деген пікір айтып қалуы ықтимал. Осыған орай, осындай тәрбиелік мәні бар көріністерден күлкі іздемей, балаларымызға күлуге тұрарлық нәрселерге ғана күлуге болатынын үйрету қажет екенін айтамыз. Балаларды салмақтылыққа және дұрыстылыққа үйрету қиын екенін; балаға ең алдымен жақсы нәрсені үйрету керек екенін айтқан данышпан бабамыз әл-Фарабидің сөзін келтіре кеткен артық болмас деп ойлаймыз: "Көркем немесе ұнамсыз адамгершілік қасиеттерді адам жүре келе игеретіңдіктен, ол соның қайсысына дағдыланса, сонысы оның іс-әрекетінің, мінез-құлқының негізі болмақ. Жақсы мінез, іс-әрекеттер, жиі-жиі қайталана отырып, адам дүниесінің рухани азығына айналса; ал жаман іс-әрекеттер қайталана отырып, оның азғыңдауына немесе, "аюан тектес" жексүрындыққа үрындырады".

Теледидардың баланы, тіпті ересек адамдарды «тәрбиелегіш» үлкен құрал екенін ескерсек, тәуелсіздіктің нышаны - төл арналарымызды дұрыстау керек деген ойдамыз. Сонымен қатар біздің төл арналарымыз бабамыздың осы бір сөзін ту етіп ұстап, бағдарламаларын осы сөзге сәйкестігін әрдайым тексеріп отыруы қажет деп ойлаймыз.

Сөз соңында Мұхтар Әуезов ағамыздың сөзіне еліктеп, «Ел боламын десең - теледидарыңды түзе» дегіміз келеді.

"Abai.kz"

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394