Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2801 0 пікір 23 Қараша, 2012 сағат 08:45

Сырым Дат. Қазақ баспасөзінің көтерем күйі

Қазақстанда қазақтілді көтерем баспасөзге үкімет тарапынан бөлінетін гранттар аталмыш басылымдардың шайлығына ғана жетеді, алайда, олардың таралымын молайтуға, болмаса білігі жоғары мамандарды тарту қарастырылмаған. Үкімет әлі күнге дейін 20 жыл ішінде көрер көзге құқығы тапталған қазақтілді азаматтарды ақпаратпен жеткілікті қамту деген (басқасын былай қойғанда)  саланы қамтитындай қазақтілді басылымдарды дамытарлық арнайы не қаулы, не программа қабылдай алмастан, азын-аулақ грант түріндегі жылу берумен шектеліп келеді.Бұл салада бастама жасап жаманатты не жақсыатты болған депутатты да байқамадық. Елдегі жарнамалық табыстарды орыстілді басылымдардың жалмауыздай жапырып отырғанына назар аударар емес, ең болмаса қазақ газет-журналдарын аз көлемді  салықпен көтермелеуге де қымсынады, жүрексінеді. Ақырында қазақ басылымдары жабағы жүні жабысқан күйі көтерем болуда. Оның нәтижесі ретінде біліксіз редакторлар мен сауатсыз журналистер ақпарат таратуды былай қойғанда, қазақ тілінің де обалына қала бастады.

Сөйтіп, шерменде болған қазақы басылым басшылары  жыл сайын қазақтілді бұқараның күшімен таралымды зорлап ұстауға жарысады.  Ол үшін әкім-қараның есігін тоздырып, олардан жергілікті гранттар жинаумен, оқырмандарды зорлап жазғызумен айналысуға мәжбүр. Қазақтардың ақпараттық құқығын бұлайша шектеу мен жаншу дәстүр секілді қалыптасып қалды. Бюджет мекемелері мен ұйымдарын желкелеп жүріп, биліктің газет-журналдарына жазғызу жолға қойылған, бірақ солардың арасына сыналап қолжайды күйге түскен қазақ басылымдарына жазғызу да әупіріммен жүріп жатады. Бұлардың түрлі жолдары бар, айталық, айлығы 40-50 мың теңгелік мектеп мұғалімдерін баспасөзге желкелеп жүріп жазғызу, Білім басқармалары арқылы  немесе таныс директорлардың,завучтың диктатымен іске асыру бар. Жыл сайын қыркүйекте жаңа оқу жылы басталған бойы осылайша ақпаратты желкелеп жеткізу науқаны басталады да кетеді. Құлдық мінез бен құлықты бойларына сіңіріп жатқан ұстаздардың шәкірттері де дәл сондай құлдық құлыққа мойынсұнып, ақпараттық құлдықтың бұғауын қымтай түсетінін жастардың бірыңғай пікір мен  құлдық ұрған тайыз да ұраншыл ойларынан көріп жүрміз.

"Abai.kz"

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5367