Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2718 0 пікір 5 Қазан, 2012 сағат 16:49

Үдемелі индустриялық даму бағдарламасы ауданның жаңа тыныс ашты

Өнеркәсіпті өңір Зырян ауданында төрт жүзге тарта шағын және орта кәсіпкерлік нысандары бар. Басым бөлігі ауыл шаруашылығы мен сауда-саттық, қайта өңдеу, құрылыс саласында жұмыс істеп жатыр.
Елімізде жүзеге асырылып жатқан үдемелі индустриялық даму бағдарламасы бұл ауданда бұрын-соңды болмаған тың өндіріс орындарының, жаңа инновациялық жобалар қатарының көбейе түсуіне өз ықпалын тигізіп отыр.

Мәселен, «Фаворит» ЖШС - аймақта ағаш өңдеумен айналысып жатқан жалғыз-жарым кәсіпорынның бірі. Өткен жылы бұл шағын кәсіпорын облыстың индустрияландыру картасына енгізіліп, «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша өндіріс қуатын арттыруға мүмкіндік алған болатын. Жаңа жобаның жүзеге асырылуымен бірге кәсіпорында елу жаңа жұмыс орны ашылды.

Қайта жарақтандыруға дейін мұнда айына 75-78 текше метр фанер шығарылып келсе, қазір 210-220 текше метр өнім өндірілуде. Тамыз айынан бері цех толық қуатында жұмыс істеуге көшкен. Жыл соңына дейін екі мың текше метр фанер шығаруды жоспарлап отырған кәсіпорын басшылығы «Қазақстан теміржолы» АҚ-мен, американдық «ТМС» компаниясымен, Алматы вагон жөндеу зауы-тымен өзара келісім жасасып, өнімдерінің тең жартысына жуығын соларға жөнелтуде.

Биыл Зырян ауданында 14 шағын өндіріс іске қосылып, елуден астам жаңа жұмыс орны ашылған. «Спеццементмонтаж», «БухтармаДорСтрой» кәсіпорындары бүгінгі нарыққа аса қажет бетонды жақтаулар, кислород станциясы өндірістерін ашқан.

Кеншілер қаласында таяу күндері тағы бір жаңа өндіріс нысаны іске қосылғалы отыр. Ол - құрастырмалы темір қоршаулар өндірісі. Осыдан бірер жыл бұрын елімізде алғашқылардың бірі болып, шыны жиһаздар жасауды қолға алған кәсіпкер Николай Каменский енді облыстың өзге жерінде кездеспейтін құрастырмалы темір қоршаулар шығаруды іске асыру үстінде. Құрастырмалы темір қоршаулар - астық сақтайтын қойма, гараж, машина-трактор шеберханаларын жасауға, қысқасы, тұрмыстағы қай қажеттілікке болмасын керек өнімдер. Халықтың сұранысын тудырып отырған дүниелерді шығарып, кәсіп көзін тапқан ол өз өнімдерінің тұтынушылары көп болатынына сенімді. Құрал-жабдықтары орнатылып, дайын тұрған бұл өндіріс те индустрияландыру бағдарламасына енгізілген.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдар-ламасы бойынша ауданда өмірге келген тағы бір тың деп айтуға тұрарлық жоба - жеке кәсіпкер Игорь Коптевтің «Жолаушылар тасымалы» жобасы. Тоғыз шетелдік су жаңа көлік сатып алып, бизнесін бастаған кәсіпкердің «Luxe» таксиі - зыряндықтар үшін нағыз қажетті қызмет болып шыққан жайы бар. Бағдарлама арқылы 9 пайыздан алған несиесінің 7 пайызын мемлекет тарапынан берілген субсидия арқылы жауып отырған ол алдағы уақытта көліктер санын тағы көбейте түсуді жоспарлап отыр.

- Такси шақырып, көңіліңіз жайланып есіктің алдына шықсаңыз, моторы барылдаған, іші шаң-шаң, сұрықсыз ескі көлік көл-денең келіп алдыңызға тұра қалса, таксиге төлеген ақшаңызды ойлап қана қоймай, оған отырған өзіңізді де кінәларыңыз хақ. Мұндай ескі таксилер бір таудың түкпіріндегі Зырянда ғана емес, облыс орталығы - Өскеменде де жетіп жатыр. Такси қызметіне ескі машианалар ғана пайдаланылып жатыр. Ал мен халыққа ондай көліктермен қызмет көрсетуді хош көрмедім, - дейді Игорь Коптев.

Кәсіпкер осылайша бизнес жобасын жүзеге асырудағы ең бірінші шаруаны жаңа көлік сатып алудан бастапты. Қазір қалалықтардың барлығы дерлік өзі жаңа, өзі жылдам, бағасы төмен «Luxe» таксиінің қызметін пайдаланып жатыр.

Такси көліктері таза болуымен қоса сенімді болуы да аса маңызды. Біздің көліктердің жүргізушілерінің бәрі таңертең кеңсеге келе салысымен медициналық тексеруден, машиналары техникалық байқаудан өткізіледі. Өзіміздің техникалық қамту стансамыз, машина жөндейтін шеберханамыз бар. Жүргізушілердің бәрі де аты-жөндері жазылған бейджиктермен қамтылған. Ол машинаның ішінде ілініп тұрады. Сонымен қатар әр таксидің сыртында машинаның жеке мемлекеттік нөмірінен басқа өзінің реттік нөмірі жазылып тұр. Қысқасын айтқанда, жолаушылардың қауіпсіздігі үшін барлық шаралар жасалған, - деп әңгімесін жалғастырған кәсіпкер тағы да «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы арқылы несие алып, қызметтерін кеңейтетіндіктерін жеткізді. Кешенді қызмет көрсету орталығында барлығы 20 жұмыс орны ашылыпты. Жоспарланып отырғандай, қызмет түрі әрі қарай жетілдірілген жағдайда осында еңбек ететіндердің саны 30 адамға артпақ.
«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395