Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3640 0 пікір 28 Шілде, 2009 сағат 04:39

Болат Абаған. Прокурорды боқтаған әкім қамалды

Райымбек ауданының прокуроры А. Пашаев Есік аймағы бойынша ауданаралық қаржы полициясы басқармасының аға тергеушісі М. Досановамен бірге былтырғы он екі ай мен биылғы бірінші тоқсанда атаулы әлеуметтік көмектердің тағайындалуы жөнінде жиналған құжаттарға сай қозғалған тергеу әрекеттерімен танысу үшін Сүмбе ауылдық округіне арнайы іссапармен барады. Әкімдік ғимаратына кіргендерінде ауыл әкімі орнында болмай шығып, қайта сыртқа беттеп бара жатқанында алдынан кезіккен округ әкімі С. Мешетов прокурорды құшақтап амандасады. Басшының аузынан арықтың исі бұрқырап тұрғанын байқаған Пашаев: «Мына жүрісіңіз не? Қызмет орныңызда арақ ішкеніңіз қалай?» деп сұрайды. Оның ескертуін шамдана қабылдаған әкім мырза сол жерде прокурорды аузына келген балағаттармен боқтап салады. Арына тиетін ауыр сөздерге де шыдаған прокурор болса, барлығын заң жүзінде шешуді мақсат етіп, әкімді оның жеке көлігіне отырғызып, медициналық сараптауға алып барады. Ауруханаға дейін үндемей барған әкім сол жерде дәрігерлік тексеруден өтуден бас тартып, прокурорды тағы да балағаттаған. «ҰҚК-ні шақырып, аяғыңды аспаннан келтіремін, сот менің досым, өзіңді қаматтырамын» деп дөңайбат көрсетіп, тайып тұрады. Аудан прокуроры еркінсіген әкімді заңды жауапқа тарту үшін қайтадан ауылдық әкімдік ғимаратына барады. Әкімнің кабинетіне қарама-қарсы бөлмеде отырған С. Мешетов осы окургтің іс басқарушысы Н.

Райымбек ауданының прокуроры А. Пашаев Есік аймағы бойынша ауданаралық қаржы полициясы басқармасының аға тергеушісі М. Досановамен бірге былтырғы он екі ай мен биылғы бірінші тоқсанда атаулы әлеуметтік көмектердің тағайындалуы жөнінде жиналған құжаттарға сай қозғалған тергеу әрекеттерімен танысу үшін Сүмбе ауылдық округіне арнайы іссапармен барады. Әкімдік ғимаратына кіргендерінде ауыл әкімі орнында болмай шығып, қайта сыртқа беттеп бара жатқанында алдынан кезіккен округ әкімі С. Мешетов прокурорды құшақтап амандасады. Басшының аузынан арықтың исі бұрқырап тұрғанын байқаған Пашаев: «Мына жүрісіңіз не? Қызмет орныңызда арақ ішкеніңіз қалай?» деп сұрайды. Оның ескертуін шамдана қабылдаған әкім мырза сол жерде прокурорды аузына келген балағаттармен боқтап салады. Арына тиетін ауыр сөздерге де шыдаған прокурор болса, барлығын заң жүзінде шешуді мақсат етіп, әкімді оның жеке көлігіне отырғызып, медициналық сараптауға алып барады. Ауруханаға дейін үндемей барған әкім сол жерде дәрігерлік тексеруден өтуден бас тартып, прокурорды тағы да балағаттаған. «ҰҚК-ні шақырып, аяғыңды аспаннан келтіремін, сот менің досым, өзіңді қаматтырамын» деп дөңайбат көрсетіп, тайып тұрады. Аудан прокуроры еркінсіген әкімді заңды жауапқа тарту үшін қайтадан ауылдық әкімдік ғимаратына барады. Әкімнің кабинетіне қарама-қарсы бөлмеде отырған С. Мешетов осы окургтің іс басқарушысы Н. Сағатбекұлы, Абай орта мектебінің педагог-ұйымдастырушысы Г. Қырықбаева, мектеп директор Г. Кішімбаева мен оның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г. Әрдірайымова және тағы басқалардың көзінше прокурорды балағаттауды одан ары жалғастырған. Осы жерде аудандық ІІБ-не телефон шалған прокурор ішкі істер бөлімі бастығының атына мәлімдеме жазып, тергеу тобын шақырады. Мәлімдеме аудандық ІІБ-нің қылмыс жөніндегі хабарламалар мен арыздарды тіркеу кітабында тіркелген.Сонда барып істің насырға шапқанын сезген әкімі Мешетов бірнеше күн жұмыс орнында болмай, бұлтарып бағады. Дегенмен, осы оқиғаны тексерген Райымбек аудандық ІІБ Сарыбастау селолық округінің учаскелік инспекторы Е. Сейдалиев ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 355-бабының 2-бөлімімен №944 санды хаттама толтырып, құжаттарды Райымбек аудандық №2 сотына қарауға тапсырады. Аудандық сот өзінің шешімімен прокурорды балағаттап, ар-намысына тигені үшін әкімді жеті тәулікке әкімшілік қамауға алды. Солай, «Естімеген елде көп» дегендей, Жетісу жерінде әкімдер басқаларды қойып, прокурорлардың ар-намысын таптап, жағасын жыртуға көшті.

 

Ұлттық бақтың жері талан-таражға түсіп кетіпті


Мемлекетпен ерекше қорғауға алынған «Іле Алатауы» мемлекеттік ұлттық бағына қарасты жерді телім-телім етіп, тамыр-таныстарына таратып жіберген бақтың бұрынғы Бас директоры Абай Бегімбетовтың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 308-бабының 2 тармағымен қылмыстық іс қозғалғаны, ал, Еңбекшіқазақ ауданында әкім болып жүргенінде аталған бақтың осы аудандағы аумағынан біраз жерді заңсыз үлестірген Керімтай Әбірахмановтың сотталғаны туралы бұған дейін жазған едік. Дегенмен, қылмыстары мойнына қойылғандар қызметтен шеттетіліп, жазаланғанына қарамастан, ұлттық бақ жерінің талан-таражға түскені жайлы жаңа деректердің беті ашылып жатқан көрінеді. 
Алматы облыстық табиғат қорғау прокуроры Отан Қожахметовтың айтуына қарағанда, қазіргі кезде «Іле Алатауы» мемлекеттік ұлттық бағының аумағынан заңсыз үлестірілген жер телімдеріне қатысты тың деректер тексерілуде екен. Нақтырақ айтқанда, 1996 жылдан бүгінгі уақытқа дейін Талғар ауданының жергілікті атқарушы органдары оңды-солды заңсыз шешімдер шығарулары арқылы осындағы ұлттық бақтың жерінен жалпы аумағы 104,21 гектар болатын 138 жер телімін қалтасы қалыңдарға беріп жіберіпті. Ал, Қарасай ауданының әкімқаралары 1996 жылдан биылға дейін мемлекет қорғауындағы аумақтан жалпы көлемі 323,2 гектар болатын 121 жер телімін таратқан. Еңбекшіқазақ ауданының лауазымды тұлғалары болса, қарап жатуды жөн көрмей, қарпып қалуға тырысып, осы жылдар аралығында жалпы аумағы 425 гектарлық 46 жер телімін ретін тапқандарға таратыпты.

 

 

Алматы облысы.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5329