Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3767 0 пікір 2 Қараша, 2012 сағат 18:55

Еліміздің еңселі биігі, мемлекетіміздің мәйегі – Оңтүстік!

Қазақ жері кең-байтақ, ұлан-ғайыр. Соның бір ғажайып мекені - Оңтүстік. Әрине, әр топырақтың, әр өлкенің өз қасиеті бар. Десек те, Оңтүстік Қазақстан облысындағы аудан атауларының барлығы дерлік бай тарихымен, ел аузында айтылатын аңыз-әпсанасымен, көне заманнан жеткен киесімен белгілі екен. Түркістан, Отырар, Сайрам, Қазығұрт, Ордабасы, Бәйдібек, Төлеби, Созақ... Қай-қайсысын алсаңыз да адамды тарих қойнауына жетелейді. Осыдан кейін бұл өлкенің әр тасы, әр төбесі, әр жусаны шежіреге тұнып тұрғанын бағамдайсыз. Шынында қойнауы қазынаға толы, тарихы бай, ұлттың рухани алтын бесігі саналатын Оңтүстік бақ қонып, Қызыр дарыған киелі өлке.

Қазақ жері кең-байтақ, ұлан-ғайыр. Соның бір ғажайып мекені - Оңтүстік. Әрине, әр топырақтың, әр өлкенің өз қасиеті бар. Десек те, Оңтүстік Қазақстан облысындағы аудан атауларының барлығы дерлік бай тарихымен, ел аузында айтылатын аңыз-әпсанасымен, көне заманнан жеткен киесімен белгілі екен. Түркістан, Отырар, Сайрам, Қазығұрт, Ордабасы, Бәйдібек, Төлеби, Созақ... Қай-қайсысын алсаңыз да адамды тарих қойнауына жетелейді. Осыдан кейін бұл өлкенің әр тасы, әр төбесі, әр жусаны шежіреге тұнып тұрғанын бағамдайсыз. Шынында қойнауы қазынаға толы, тарихы бай, ұлттың рухани алтын бесігі саналатын Оңтүстік бақ қонып, Қызыр дарыған киелі өлке.

Еліміздің Премьер-Министрі Серік Ахметов өңірлердің тыныс-тіршілігімен танысу мақ¬-сатында алғашқы жұмыс са¬парын кеше осы қасиетті өл¬кеден бастады. Бұл күні Үкімет басшысы Оңтүстік Қазақстан облысының 80 жылдық мерей¬тойына арналған салтанатты жи¬налысқа қатысып, ел қуаны¬шын бірге бөлісті. Салтанатты жиында Оңтүстік өңірінің өт¬ке¬ні мен бүгініне, кешегісі мен келешегіне байланысты тағы¬лы¬мы зор деректі фильм көр¬сетілді. Ұлы Жібек жолы, көне қалалар мәдениетінің өркен¬деуі, ежелгі сауда-саттық пен қолөнердің дамуы, ұлы сәулет ескерткіштерінің бой көтеруі, өзге халықтардың келіп қо¬ныс¬тануы, облыстың қалыптасу та¬рихы, ауыл шаруашылығы, өнер¬кәсіп салаларының жан¬да¬нуы, сондай-ақ, тәуелсіздік жы묬дарындағы облыстың жеткен жетістіктері, аймақтың да¬муы мен өркендеуіне Елба¬сы¬ның қолдау көрсеткені, мұның бәрі әрине, көрерменнің көз ал¬дында экраннан зыр етіп өте шық¬қанымен, ондағы әрбір іс¬тің, әрбір жылдың астарында терең сыр, ерен еңбек, ащы тер жатқаны анық.
Елімізде тәуелсіздік туы¬ның желбірегеніне 21 жылға жа¬қындады. Әрине, облыс та¬ри¬хын құраған 80 жылдың соң¬ғы 21 жылы еліміз үшін ең ма¬ңызды кезең болып саналады. Бұл ұлы мұраттарға қол жеткізген қасиетті жылдар болды. Оңтүстік Қазақстан - бүгінде елі-міздің өнері мен руха¬ния¬тын байытып, экономикасын дамытуға үлкен үлес қосып отырған облыс.
Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында облыс жылдан-жылға көркейіп келеді. Облыс әкімі Асқар Мырзахме¬тов¬тің іскер де жігерлі басшы екеніне елдің көзі жетті. Тек соңғы үш жылда облыста 158 білім беру мекемесі салынды. Жаңа¬дан 133 медицина нысаны ашылды. 170 елді мекенге ауыз су, 79 ауылға газ құ¬бы¬ры тар¬тылды. Төрт мың шақырымға жуық жол жөнделді.
Осы тірліктерді тілге тиек еткен Премьер-Министр С.Ах¬метов салтанатты жи¬ында Ел-басымыз Нұрсұлтан Назар¬баев¬тың ыстық сәлемін жеткізіп, құттықтауын оқып берді. Құт-тықтауда былай делінген:
«Құрметті оңтүстік¬қазақ¬стандықтар!
Баршаңызды құт қонған қасиетті өңір - Оңтүстік Қа¬зақстан облысының 80 жыл¬дығымен құттықтаймын.
Қазақы қалпының қаймағын бұзбай сақтап келе жатқан Оңтүстіктің орны әр¬қа¬шан ерекше. Әлемнің екінші ұстазы атан¬ған әл-Фараби, әулие Арыс¬тан¬баб, да¬налық ілімінің атасы Қожа Ахмет Ясауи сияқты дара перзенттерінен тамыр тартқан ай¬мақтың тарихы өте терең және тағылымды.
Тәуелсіздік жылдарында Оңтүстік Қа¬зақ¬стан облысы табысы зор, ырысы мол өлкеге айналды. Сіздер өз татулық¬тары¬ңыз¬дың, жүкті жұмыла көте¬ретін бірлік¬те¬ріңіздің арқа-сында барлық қиындық¬тар¬ды еңсеріп келесіздер. Соңғы жы묬да¬ры облыстағы инфрақұ-рылымдар дамып, өнеркәсіптік ірі жобалар іске асырылуы нә¬тижесінде әл-ауқаттарыңыз ар¬тып, тұрмыстарыңыз жақ¬са¬ра түсті. Адам санының өсімі мен өмірінің ұзақтығы жағынан да сіздер қоныстанған Оңтүстік өл¬кенің көрсеткіштері өте жо¬ғары.
Бүгінде республика хал¬қы¬ның 15 пайызы Оңтүстік Қа¬зақстан облысын мекендейді. Демек, бұл өңір - ұлты¬мыздың ұйытқысы, еліміздің еңселі биігі, мем¬лекетіміздің мәйегі.
Бірлігі мен тірлігі жарасқан мерейлі мекеннің торқалы тойы құтты болсын! Баршаңызға бақ-береке, отбасылары¬ңыз¬ға амандық тілеймін.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті».
Елбасымыздың Оңтүстік дегенде ықы¬ла¬сы ерекше, жүрегі елжіреп тұрады. «Оң¬түстік - қазақтың қаймағы бұзыл¬ма¬ған жер. Бұл өңір шуақты күнімен, хал¬қының жо¬март¬тығымен, меймандостығы¬мен, салт-дәстүрге беріктігімен, ең бас¬ты¬сы, еңбек¬сү鬬гіштігімен ерекшеленеді. Сіз¬дерге әр келген сайын оңтүстікқазақ¬стан¬дықтардың өз өлкесін гүлден-діру¬мен, тұрмыс-тірші¬лік¬терін жақсарта тү¬су¬мен қатар өздерінің негізгі түп-та¬мырын ұмыт¬пай, әдемі жал¬ғас¬тырып жатқанын көремін». Нұрсұлтан Әбіш¬¬ұлының осы бір ыстық ықыласы, ата¬лы сөзі Оң¬түс¬тіктің киелі топырағынан нәр алған талай адамның жанына шуақ, деміне қуат бергені анық. Бұл біздің өлкеге берілген жо¬ғары баға. Мұндай қолдау, әлеу¬мет¬тік қам¬қорлық Елбасы тара¬пы¬нан, Үкімет та¬рапынан тұрақты жалғаса беретіні анық.
Мерекелік іс-шарада Премьер-Министр Серік Ахметов Елбасының құт¬тық¬тауын оқып берумен бірге, өңірдің ел өмірінде алар орнына қысқа да нұсқа тоқталды, өзінің игі тілегін білдірді.
«Ұлан-ғайыр жерің болса мақтан, көш бастайтын ерің болса мақтан» деген, оң-түстікқазақстандықтар осы мерейтойға ар¬налып шығарылған мерекелік медаль¬дың ең алғашқысын, яғни, №1 медальға Ел¬басымыз Нұрсұлтан Назарбаевты лайық деп тауыпты. «Ырыс алды - ын¬ты¬мақ» қоғамдық форумының атқарушы хатшысы, белгілі жазушы Мархабат Байғұт облыстың өсіп-өркендеуіне қосқан өлшеусіз үлесі үшін алғысын білдіріп, Елбасының медалі мен арнайы сыйлықты Үкімет басшысы С.Ахметовтің қолына тапсырды. Бұл әрине, осы елдің Елбасыға деген ақеділ алғысын, ыстық сәлемін, ризашылығын білдіреді.
Бұл өлке тарих пен мәдениеттің, өнер¬дің қара шаңырағы, қазақ атты ұлтты жер-жаһанға танытқан әлемдік спорт саңлақтарының да алтын ұясы. Бұл сонау орта ғасырлардың өзінде музыка жөнінде 150-ден астам трактаттар жазып кеткен әл-Фараби, бергі замандарда Майлықожа мен Мәделіқожа, сайын даланы күймен көмкеріп, әнмен әлдилеген Сүгір Әліұлы, Жаппас Қаламбаев, Төлеген Момбеков, «Қазақ вальсінің падишахы» атанған біртуар композитор Шәмші Қалдаяқов пен сыршыл музыканың саңлағы Сейдолла Бәйтереков сынды хас таланттарды ту¬дыр¬ған қасиетті өлке. Мерекелік шара жер¬гілікті өнерпаздар мен шығарма¬шы¬лық ұжымдардың концерттік бағдарла¬ма¬сы¬на ұласты. Оңтүстік Қазақстан облы¬сы¬ның 80 жылдық мерейтойы тек осы өңірдің халқына тиесілі ғана атаулы күн емес, бүкіл Қазақстан үшін ортақ мереке.
Бұл күні Премьер-Министр Серік Ахметов облыс орталығында жақында ғана ашылған кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында болып, Оңтүстік Қазақстан облысынан индустрияландыру картасына енген жобалармен танысты, сондай-ақ кәсіпкерлермен кездесті. Кәсіпкерлерге қыз¬мет көрсету орталығы Елбасының 2012 жылғы 22 маусымда кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне арналған кеңесте берген тапсырмасына сәйкес және кәсіп¬кер¬лерді ақпараттық қолдау мен оқытудың бірыңғай жүйесін қалыптастыру мақса-тында ашылған болатын.
Сондай-ақ, С.Ахметов Шымкент қала¬сының ең биік нүктесінде жақында ғана бой көтерген Бәйдібек бидің ескерткішіне тағзым жасап, гүл шоқтарын қойды.
Түс қайта Үкімет басшысы Түркістан қаласында жаңадан салынған 300 орын¬дық М.Жұмабаев атындағы орта мектепте болып, Кентау қаласындағы «Кентау-Сервис» МКК энергокешенімен және транс¬форматор зауытының жаңадан іске қосылған өндірістік цехтарының жұмы¬сы¬мен танысты.       С.Ахметов өндірісті жаң¬ғырту және неғұрлым жоғары техноло¬гия¬лық деңгейге көтерілу қажеттігін атап көрсетті. Биыл «Кентау-Сервис» МКК-ның қайта құрылысына 690 526 млн. теңге қаралып, 5 және 6 қазандықтар жөнделді және сынақтан өткізілді. Бүгінгі таңда қаладағы 39 білім, 10 денсаулық сақтау нысандары қысқы жылыту маусы¬мына дайын, барлық 325 көп қабатты үйлердің жылыту жүйелері сығымдаудан өткізілді. Ал, үстіміздегі жылы «Кентау трансформатор зауыты» АҚ-та кабель және шкаф жинақтау цехтары іске қо¬сы¬лып, қосымша 120 адам тұрақты жұмыс¬пен қамтылды. Сонымен қатар, кәсіпорын жанынан салалық политехникалық колледж ашылды.
Жарқын істердің берекелі бастама¬лар¬дың жаршысы болған Оңтүстік өлкесінің келешегі кемел, болашағы баянды екеніне сенім мол. Мерейтой күні «Өлкенің 80 жылдық шежіресі» көрме экспозициясы, «Құт мекен - Оңтүстік» суретшілер, қол¬өнер шеберлері, фотосуретшілер мен сәулетшілердің көрмесі ұйымдастыры¬лып, кешке өнер жұлдыздарының гала-концерті өтті.
Оралхан ДӘУІТ,
«Егемен Қазақстан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5387