Сенбі, 23 Қараша 2024
1145 0 пікір 21 Маусым, 2022 сағат 12:06

Асқар Ақаев - ҚР Ұлттық ғылым академиясының мүшесі

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаев дәріс өткізді. Ол сондай-ақ ҚР Ұлттық ғылым академиясына мүше болып қабылданды.

Дамушы елдерге сараптама ұсынған профессор Ақаев «Ендігі ең қиын міндет – технологиялық прогресті модельдеу» дейді. Ғалымның өзі цифрлық дәуірге арналған өндірістік функцияны іске асырып отыр.

«Бұл бағдарламаның аясында көп нәрсенің басы шешілді. Профессор Аққаевтың лекцияларында ол өзінің болашаққа деген көзқарасын білдіріп жатыр. Дәйекті түрде, математикада дәлелденген, компьютерде модельденген құбылыстарды баяндап жатыр», – деді физика - математика ғылымдарының докторы, профессор Уәлихан Әбдібеков.

Арнайы формулалар арқылы функциялық қызметті түсіндірген дәріскерді тыңдауға оқытушы-профессорлар мен академиктер, ғалымдар қатысты. Олар осымен аталған бағыттағы екінші дәріспен танысып отыр. Бұған дейін көшбасшылық сабақтың мазмұны «Ежелгі дәуірдегі демографиялық даму көрсеткіші мен адамзаттың болашағына» арналған.

«Біз үшін, әсіресе гуманитарлық ғылым өкілдеріне профессор Ақаев айтқан әлеуметтік мәселелер өте маңызды. Бұл тек бір ел емес, жаһан мемлекеттеріне ортақ тақырып. Ал осының бәрін көпшілікке шебер жеткізе білген Асқар мырзаның біліктілігі өз алдына бір төбе болып тұр», – деді тарих ғылымдарының докторы, профессор Жанат Құндақбаева.

Көпшілікке көшбасшылық дәрісін өткізген Асқар Ақайұлы бүгінде Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде қызмет атқарады.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5402