Сенбі, 23 Қараша 2024
1334 0 пікір 21 Маусым, 2022 сағат 13:26

Алматыда Artsport бағдарламасы жемісті қызмет етуде

Алматыда мемлекеттік бағдарламаның көмегімен ашылған орталыққа 56 мың бала Artsport платформасы арқылы келген. Орталықтың иесі Ұлан Әділбаев балаларға актерлік шеберлік, видео-монтаж және фотошоп жасауды тегін үйретеді. Және 3 адамды жұмыспен қамтып отыр. Ол орталықты жарты жыл бұрын ғана ашқан.

«Осы мектепте оқып жүргеніме 3 ай болды. Осы уақыт аралығында актерлік шеберлік, видео, фото, СММ көп нәрсе үйрендім. Artsport бағдарламасы маған ұнайды», – деді қатысушы Әбілқайыр Ұджықұлов.

«Аптасына 4 рет келемін. 2 күнді актерлік шеберлік сағатына арнасам, қалған күндері фото, видео жасап үйренемін. Жақсы жоба», – деді қатысушы Батырлан Манап.

Бұл орталыққа Artsport платформасы арқылы 100-ден астам бала тіркелген. Яғни 6-дан 17 жасқа дейінгі аралықта бала қалаған үйірмеге тегін қатыса алады. Ең бастысы нәтиже бар дейді ұстаздары. Актерлік шеберлікті үйреніп жүрген балдырғандар жақында ғана республикалық конкурста бас жүлде алыпты. Сондықтан ата-аналар қауымы бұл жобаның ақылы секцияларға қарағанда ұтымды тұстары көбірек дейді.

«Балам осы үйірмеге келеді. Әсел 11 жаста. Былтырдан бастап осындай үйірмелерді естіп, соған келіп жатырмыз. Өзі телефонмен видео, фото жасағанды жақсы көреді», – деді ата-ана Тілеужан Құсайынова.

Ұлан Әділбаевтың айтуынша, қазір үйірмеге онлайн тіркелу уақытша жабық. Соған қарамастан балаларды қабылдап, барынша үйретіп жатырмыз дейді.    «Қазір соңғы 1-2 айдың көлемінде біздің сайтымыз жабық. Басқа балаларды қабылдай алмай жатырмыз. Тіркей алмаймыз бағдарламаға. Бірақ біз келген балаларды сайт ашылып қалады-ау деген үмітпен өзіміз тіркеп, оқытып жатырмыз», – деді  ұйымдастырушы Ұлан Әділбаев.

Айта кетейік, өткен жылы шығармашылық бағыттағы үйірмелерге 628 миллион теңге бөлініп, 30 мыңға жуық бала тегін секцияларға жазылған еді.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5392